«Тапқыр болсаң талас жоқ» атты математикалық сайыс

 «Ғылым басы – математика,  аясы – физика» үйірмесі аясында «Физика – математика пәндері» ЦӘБ оқытушысы Динара Мәндібайқызының ұйымдастыруымен 101 ЭЛ, 101 АТ, 101 РМ топтары студенттері арасында «Тапқыр болсаң талас жоқ» атты математикалық сайыс өтті. Мақсаты: Оқушылардың математикаға қызығушылығын, ынтасын, зейінін арттыру, ой – өрісін кеңейту, логикалық ойлау қасиеттерін дамыту.

Сайыста ерекше тапқырлықпен көзге түскен 101 АТ тобы І орынды иеленді. ІІ орын – 101ЭЛ, ІІІ орын – 101 РМ.