«Еңбек қатынасындағы кәсіби этикет – жұмыс сапасының жоғары көрсеткіші» семинар-тренинг

«Кәсіптік оқыту» ЦӘБ оқытушысы, «Техникалық мамандықтар» бөлімінің меңгерушісі Ж. Абиева  «Еңбек қатынасындағы кәсіби этикет – жұмыс сапасының жоғары көрсеткіші» тақырыбында семинар-тренингін өткізді.

Семинар-тренингтің мақсаты: оқытушыларға кәсіби қызметте педагогикалық әдептің маңызын түсіндіру, оқытушылар арасында өзара жағымды қарым – қатынас орнату, ұжымдық сыйластыққа, бір-біріне сенім артуға, бірлесіп жұмыс жасауға баулу, жағымды көңіл-күй орнату.  

         Семинар-тренинг барысында түрлі жағдаяттар мен іскерлік ойындар ұйымдастырылып, нәтижелері талқыланды.