«Қоғамтану негіздері» пәнінен ашық дебат сайысы

«Әлеуметтік-қоғамдық пәндер» ЦӘБ оқытушылары: Нурдинова А.А. және Караушева А.С. «Қоғамтану негіздері» пәнінен 102 ИС және 103 АС тобы студенттерінің арасында ашық дебат сайысын ұйымдастырды.

Сайыстың мақсаты – жастар арасында шешендік өнердің деңгейін арттыру, өз пікірін еркін түйіндеуіне мүмкіндік беру. Дебат сайысы америкалық форматта (АПС) ұйымдастырылды.

Пікірталас барысында керемет ойын өтіп, мазмұнды пікірлер айтылды, шабытты сәттер мен достық кездесу орын алды.

Пікірталас нәтижесінде:

102 ИС тобының студенті  Изимгалиев Аян мен 103АС тобының студенті Саматай Әлішер «Үздік спикерлер» деп танылды.