Бинарлық сабақ «Мұнайды дайындау техникасы мен технологиясы. Еңбекті қорғау шаралары»

301 РМ тобында «Мұнай-газ ісі»  ЦӘБ-нің арнайы пән оқытушылары Ж.Жолаева және Т. Даулетьярованың «Мұнайды дайындау техникасы мен технологиясы. Еңбекті қорғау шаралары» тақырыбында  ашық бинарлы сабағы өтті.  Сабақ барысында Kahot it, iSprining Suite, Active Studio, Prezi, Camtasio Studio бағдарламаларында дайындалған дидактикалық  материалдар қолданылды.

Сабақтың мақсаты – cтуденттерге  жаңа оқу материалын өткен тарау  тақырыптарымен байланыстыра  түсіндіру, ақпараттық коммуникациялық технологиялар мүмкіндіктерін пайдаланып,  ұйымдастырылған интеллектуалдық ойын элементтері арқылы сабаққа қызығушылықтарын арттыру.