Алматы қаласы Арафат мешітінің бас имамы Есмахан Бауыржан Әбдірашевичпен онлайн кездесу

20.04.2021 жылы Ақтөбе жоғары политехникалық колледжінде «Қоғамдық-әлеуметтік пәндер» Цәб пәндік апталығы аясында Алматы қаласы Арафат мешітінің бас имамы Есмахан Бауыржан Әбдірашевичпен «Оразан қабыл болсын ұстаған жан » тақырыбында онлайн кездесу өтті. Бұл кездесудің мақсаты: Рамазан айында студенттердің оразаны сақтау туралы түсініктерін қалыптастыру, өз міндеттерін орындау кезінде жауапкершілікті, мейірімділікті, шыдамдылықты, өз халқының дәстүрлері мен әдет-ғұрыптарын құрметтеуді тәрбиелеу. Оған 1 курс студенттері мен колледж оқытушылары белсенді қатысты.