«3D ойлауда үздік 3D жобасы» байқауы

«Ақпараттық жүйелер» ЦӘБ оқытушылары Ж. Нурина, Ж. Габбасова және Ж. Насыровтың ұйымдастыруымен студенттер арасында ««3D ойлауда үздік 3D жобасы»» байқауы өтті. Байқауға «Ақпараттық жүйелер», «Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету» мамандықтарының 2-3 курс студенттері қатысты.
Байқаудың мақсаты – студенттердің 3D-модельдеудің графикалық мүмкіндіктерін меңгеру деңгейлерін, 3D Studio Max жұмысының визуалды эффектілерін қолдану іскерліктерін бағалау, қызығушылықтарын арттыру және зияткерлік әлеуетін, ғылыми-техникалық шығармашылығын дамытуға бағытталған жаңашыл жобаларды дайындауға жігерлендіру.
Байқау қорытындысы:
І орын – Ильяс Батырхан 301 ИС тобы
ІІ орын – Мамбетов Ақжол 301 ИС тобы
ІІІ орын – Талгатов Тимур 201 П тобы