Экскурсия

15 наурыз – дүниежүзілік тұтынушылар құқығын қорғаудың күні қарсаңында Ақтөбе Жоғары политехникалық колледжінің «электромеханик», «электрменқамтамасызету» мамандығынының студенттері «TEKLED» электротауарлар дүкенінде болып, тұтынушы, болашақ маман ретінде көптеген сұрақтарына жауап алды, яғни өздерінің болашақ мамандығына байланысты электротауарлар туралы тың мәліметер алып, және де тұтынушы ретінде сапалы нәрсені таңдап тұрып сатып алудан бөлек, кейін оның белгілі бір кемшілігіне көзі жеткен жағдайда қайтарып беруге де құқылы және мұны сатып алғаннан кейінгі 14 күн ішінде ғана жүзеге асыруға болатындығы жөнінде мәлімет алды. Болашақ жас мамандарымызға экскурсия ұйымдастырып тың мағлұматтарымен бөліскен «TEKLED» электротауарлар дүкенінің әкімшілігіне алғысымызды білдіреміз! @tekled_aktobe