«Техникалық мамандықтар» бөлімі 0809000

«Техникалық мамандықтар» бөлімі 0809000 24.02.21ж. сағ.1150-де кітапхана залында «Мұнай және газ ісі пәндері» ЦӘБ-нің арнайы пән оқытушысы Т.Даулетьярованың «Кітап – ақылына ақыл қосатын асыл қазына» атты ашық тәрбие сағаты өтті. Тәрбие сағатына 201 РМ,203 РМ,301 РМ,303 РМ ж2не 401 РМ топ студенттері қатысты. Ашық тәрбие сағатының мақсаты: Білімнің кітап арқылы берілетінін, кітаптың адам өміріндегі маңызын, ғылым мен білімнің пайдасын ұғындыру. «Кітап – ақылыңа ақыл қосатын асыл қазына»атты тәрбие сағатының алғы сөзін «Техникалық мамандықтар» бөлімінің меңгерушісі Бақытбек Максотұлы алды. Ол кітаптың адам өміріндегі алатын орны туралы түсінік берді. Келесі сөз кезегін колледжіміздің кітапхана меңгерушісі Ирина Николаевна колледждің кітапхана қоры және кітапхана ережесімен таныстырды. Қазақстан мұнайының ардақтылары, ардагерлері туралы мәліметтерді арнайы пән оқытушысы Тоғжан Шакировна толықтырып, ерен еңбектері мен жеткен таныстырды.әне мұнайшылар жетістіктерін колледж кітапханасымен бірлесе отырып ұйымдастырылған «Кітап – ақылыңа ақыл қосатын асыл қазына» атты ашық тәрбие сағатын қорытындылады,сонымен қатар«Қазақ мұнайының ардақтылары» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды, Ашық тәрбие сағатының өте жақсы деңгейде өткендігін айтып, кітап оқуға шақырып, студенттерге ризашылығын білдірді.