PISA (Programma for International Student Assessment)

PISA (Programma for International Student Assessment) 15 жастағы білім алушылардың оқу жетістігінің деңгейін бағалайды. Нақты осы жастағы оқушыларды іріктеудің себебі, әлемнің көптеген елдерінде бұл жастағы балалардың мектепке міндетті білім алуды аяқталатындығымен түсіндіреді. Жастар осы жаста өздерінің мамандықтарын таңдау мен болашақ білім алу траекториясын анықтай алады. Оқушылардың математикалық, оқу және жаратылыстану сауаттылықтарын бағалайтын негізгі бағыттары болып қала береді. PISA тапсырмаларының ерекшелігі – ол шындыққа жақындатылып құрастырылуы болып табылады. Әрбір жағдаят – өмірден алынған мысал. Тест тапсырмаларының құрылымы оқушылардың оқу ептіліктері мен оларға сәйкес әрекеттерін анықтауға негізделген. Қорытындылай келе, тестілеуге қатысушы өзінің әртүрлі форматта берілген мәтіндермен жұмыс істей алу ептілігін, ақпаратты біріктіру мен ұғына білу дағдысын және сыни ойлау құзыреттерін көрсете білуі қажет.