Тұңғыш Президент-Кемеңгер көшбасшы

30.11.20ж күні Облыстық білім басқармасының жұмыс жоспарына сәйкес, Қазақстан Республикасының тұңғыш Президент күніне орай, Ақтөбе Жоғары политехникалық колледжінің «Автоматтандыру және басқару» бөлімі «Тұңғыш Президент-Кемеңгер көшбасшы» атты мерекелік шара ұйымдастырды. Мақсаты: Елбасының өмірі мен еңбегін үлгі тұта отырып, елжандылыққа, отан сүйгіштікке, азаматтыққа баулу; ел болашағын ойлайтын, халқы үшін қызмет ететін, ұлттық сана-сезімі жоғары, саяси-құқықтық мәдениеті қалыптасқан тұлға тәрбиелеу. Аталмыш іс- шара офлайн және онлайн форматында өткізіліп, 100 студентті қамтыды. Сонымен қатар, колледж кітапханашысымен бірлесе отырып, Елбасы күніне арналған кітаптар көрмесі ұйымдастырылды.