«Автомобильдерді техникалық пайдалану саласындағы мамандықтардың заманауи үрдістері мен ерекшеліктері» тақырыбындағы апталық

23.11.2020 жылы «Автомобильдер іс және құрылыс» ЦӘБ-нің жоспарына сай «Автомобильдерді техникалық пайдалану саласындағы мамандықтардың заманауи үрдістері мен ерекшеліктері» тақырыбындағы апталықтың ашылу салтанаты өтті.  Білім алушыларды өз мамандық майталмандарымен кездестіре отырып, пікір алысуға, автомеханик мамандығына  жүйелі көзқарас қалыптастыруға, автомеханик мамандығына деген қызығушылығын арттыруға, сол жолда тиянақты да, саналы білім алуға деген ұмтылысты оятуға бағыт беру мақсатында Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік  университеті, Техникалық факультеті, “Көлік техникасы, тасымалдауды ұйымдастыру және құрылыс” кафедрасы, магистр, аға оқытушы Мырзабеков Н.М., Бақытжанов Н.Б., «Автожол колледжінің» арнайы пән оқытушысы Т.Хасенов,және магистр оқытушы С.Айтмағанбетов ұстаздармен дөңгелек үстел өтті.