діни экстремизм мен терроризмді алдын алу

Облыстық білім басқармасының ұйымдастыруымен діни экстремизм мен терроризм көріністерінің алдын алу мақсатында, дін мәселелері және қоғаммен байланыс жөніндегі орталығының теолог маманы Ильясов Бекжан Қуанатұлымен колледжімізде студенттермен онлайн кездесу өтті. Негізгі мақсат - теріс діни ағымдардың қоғам ішіне іріткі салып, мемлекет тұрақтылығына зиян келтіретінін түсіндіру, ұлттық қауіпсіздігімізге қатер төндіретін жат діни ағымдардан бойды аулақ ұстап, студенттерді салт-дәстүрді сақтауға, ұлттық құндылықтарды насихаттауға, отансүйгіштікке, рухани-адамгершілік пен азаматтық-құқықтық ұстанымын қалыптастыруға, бірлік пен бірегейлікке тәрбиелеу.