“Біл, Үйрен, Есіңде сақта!”

2020-2021 оқу жылында жаяу жүргінші жасөспірімдерді жолда абай болуға және көше, жол ережелерін, жол қауіпсіздігін сақтау, алдын алу ұйымдастыру мақсатында құрылған іс-шаралар жоспары негізінде “Техникалық мамандықтар” бөлімінің “Автомобиль ісі” ЦЭБі оқытушыларының ұйымдастыруымен “Техникалық мамандықтар” бөлімінің 2 және 3 курс студенттері арасында “Біл, Үйрен, Есіңде сақта” 🛣🚦🚸⛔🚫⬆️жол қозғалыс ережесі викториналық сайысы ZOOM платформасы және дәстүрлі түрде 20 қазан күні өтті. Студенттерге жол жүру ережелері бойынша Kahoot және Prezi бағдарламалары аркылы түсіндірме жұмыстары жүргізіліп, сайысқа белсенділік танытып қатынасқан студенттерді Мақтау қағазы және Алғыс хаттармен марапаттады. Сайыс қорытындысы бойынша 1 жүлделі орын 301 АТ тобының студенті Қазиған Мейрамбек, 2 орын 301 АТ тобы студенті Бақытжанов Ғасырбек және 3 орын 201 АТ тобы студенті Сағынаев  Ақжол марапатталды. Сонымен қатар белсенділік танытқан “Мұнай және газ кен орындарын пайдалану ” мамандығы студенттеріне арнайы Алғыс хаттар табысталды.

PHP Code Snippets Powered By : XYZScripts.com