МЕМЛЕКЕТТІК ҚОРЫТЫНДЫ ЕМТИХАН

Мемлекеттік қорытынды емтихан

Ағымдағы жылдың 12 маусым күні «Есеп және аудит» мамандығы бойынша колледж бітіруші 301Б тобында «Қаржылық есеп» пәнінен мемлекеттік қорытынды емтихан өткізілді.

Мемлекеттік қорытынды емтихан комиссиясының 65% әлеуметтік серіктес кәсіпорындардың экономист-бухгалтер мамандарынан, 35% колледж оқытушыларынан құрылды:

Кенжегулова Г.Б. – «Темірбетон» ЖШС-ң бухгалтері, комиссия төрайымы, Нуржанова А.А. – «SCT SERVICE AKTOBE» ЖШС-ң бухгалтері, Есет А.М. –  «Компания Техногаз» ЖШС-ң бухгалтері, Турегалиева Ж. –  «БИОС ПЛЮС» ЖШС-ң бухгалтері, Есетова М.К.- «Қаржылық есеп» пәнінің оқытушысы, Ерекешев К.М. –  «Экономикалық талдау және қаржылық есептілікті талдау», «Ұйым экономикасы» пәнінің оқытушысы, Кылышбаева К.М. – «Ұйым экономикасы» пәнінің оқытушысы, комиссия хатшысы.

Болашақ экономист-бухгалтер мамандар өз білімдерін комиссия алдында дәлелдеп, жақсы нәтижелер көрсетті.

«Экономикалық пәндер» ЦӘБ