Колледждің 55 жылдық мерейтойымен құттықтау!

«Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіптік одағының Ақтөбе облыстық ұйымы» қоғамдық бірлестігі және оның мүшелері атынан Ақтөбе Жоғары политехникалық колледжінің 55 жылдық мерейтойымен ұстаздар қауымын, кәсіподақ мүшелерін құттықтаймыз.
Құрметті әріптестер!
«Ұстаз – ұлық емес, ұлы қызмет», – деген ұлт батыры Б.Момышұлы.
Сіздер жас ұрпақтың санасына сыналай енгізетін тәлім-тәрбие, үлгі-өнеге ештеңемен өлшеуге келмейді. Жастардың келешегіне жол сілтеп, болашаққа нық сеніммен аттандыратын қоғамның айырықша тұлғасысыздар.
Қай кезде де зор құрмет, асқан ризашылыққа лайықсыздар. Алдағы уақытта шығармашылық табыс, қажырлы еңбек, педагогикалық шеберлік тілей отырып, кәсіподақ мүшелеріне 300 000 теңге ақшалай және 5 ұстаз емделіп-демалу сертификаттарымен марапатталады.
Әрқашан колледждің мерейі үстем болып, егеменді еліміздің гүлденуіне өз үлесін қоса беретініне сенімдіміз.