Ақпараттық хабарлама

2019 жылғы 13 қарашада «Өзін өзі тану» пәнінің жүргізілу сапасына мониторинг жасау бойынша облыстық комиссия мүшелері Нүркенова Ә.М. – облыстық білім басқармасының бас маманы, Шаштыгарина Б.М. – Ақтөбе гуманитарлық колледжі директорының ОӘЖЖ орынбасары, өзін-өзі тану пәнінің оқытушылары Тоқсанбаев Н.Т., Жаркаева Б.К. Ақтөбе Жоғары политехникалық колледжінде жұмысын жүргізді.

Мониторинг барысында колледж әдіскері С. Ескалиева оқу орынында  «Өзін өзі тану» пәнінің жаңа үлгіде жүргізілумен таныстыру мақсатында үлгілік сабағын өткізді. Тақырыбы: «Адамның отбасындағы алатын орны».

Сондай-ақ, үлгілік сабаққа мониторинг тобының мүшелері және колледжіміздің өзін өзі тану пәні оқытушылары: Жумагазина Г.У., Утаров Н.С., Маташева А.Н., директордың орынбасарлары: Ходжаниязова Ж.Т. Қостанова Б.К. қатысты.

Мониторинг жүргізу барысында комиссия мүшелері өзін – өзі тану бойынша нормативтік құжаттармен, оқытушылардың оқу-жоспарлау құжаттарымен, әдістемелік жұмыстарымен танысып, кабинет безендірілуімен танысып, студенттер және оқытушылар арасында сауалнама жүргізді.

 

Жумагазина Г.У.

PHP Code Snippets Powered By : XYZScripts.com