«Қарым – қатынас психологиясының негізі және іскерлік қатынастар этикасы» оқулығы

С. Ескалиеваның Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарына ұсынған «Қарым – қатынас психологиясының негізі және іскерлік қатынастар этикасы» оқулығы жарық көрді. «Фолиант» баспасы, Нұр-Сұлтан қаласы, оқулық тиражы -1000 дана.

Оқулыққа пікір жазғандар: Қартбаева Ж. Ж. – психология ғылымдарының кандидаты, доцент, Байғанова А. М. – педагогика ғылымдарының кандидаты, Жумагазина Г. У. – арнаулы пән оқытушысы, психолог

Оқулық мазмұнында қарым-қатынас түрлері, адамның комму­никативтік мүмкіндіктері және оны жүзеге асыру жолдары, вер­бальды және вербальды емес қарым-қатынас құралдары, тыңдау дағдылары, іскерлік қарым-қатынас негізін орнату жолдары, іс­кер адамның этикасы туралы баяндалған.

Ж. Ходжаниязова