2019ж. оқуға қабылдаудың үлгі қағидаларының КӨШІРМЕСІНЕН
(2020ж. ҚАБЫЛДАУДЫҢ ЕРЕЖЕСІ, бекітілген соң 2020ж. маусым айында жаңартылады)
Колледжге оқуға азаматтардың өтініштерін қабылдау:
  1. орта буын мамандарын даярлауды көздейтін техникалық және кәсіптік білімнің білім беру бағдарламалары бойынша оқудың күндізгі нысанына күнтізбелік жылдың 20 маусымы мен 25 тамызы аралығында,
  2. оқудың сырттай нысанына күнтізбелік жылдың 20 маусымы мен 20 қыркүйегі аралығында жүзеге асырылады.
Оқуға түсушілер колледжге оқуға қабылдау туралы
  1. өтініш
  2. білімі туралы құжаттың төлнұсқасын
  3. № 086-У нысаны бойынша медициналық анықтама, (№ 088-У нысаны бойынша I және II топтағы мүгедектер мен бала жасынан мүгедектер үшін медициналық-әлеуметтік сараптама қорытындысы)
  4. 3×4 көлеміндегі 4 фотосуретін қоса береді.
Оқуға түсетін құжаттарды оқуға түсушінің жеке өзі немесе оның заңды өкілдері ұсынады. Қабылдау квотасы қарастырылған білім беру ұйымдарына оқуға түсуші тұлғалар санатты растайтын құжаттарын ұсынады.