Наименование: 

Техникалық және кәсіптік білім туралы құжаттардың телнұсқаларын беру

Стандарт: 

Қарау

Регламент: 

Қарау

Паспорт государственной услуги: 

Қызметтің атауы

Техникалық және кәсіптік білім туралы құжаттардың телнұсқаларын беру

Қызметті көрсететін мемлекеттік орган

Мемлекеттік көрсетілетін қызметті техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдары (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.

Өтініштерді қабылдауды және нәтижелерін беруді жүзеге асыратын мекеме

      Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру:

      1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі;

      2) «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамы» (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация) арқылы жүзеге асырылады.

Қызметті алушылар

Жеке тұлғалар

Қызметтің құны

тегін

Қызмет көрсету мерзімі

Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімдері:

      1) көрсетілетін қызметті берушіге және Мемлекеттік корпорацияға қажетті құжаттарды тапсырған сәттен бастап – 20 күнтізбелік күн;

      Мемлекеттік корпорацияға жүгінген жағдайда қабылдау күні мемлекеттік қызмет көрсету мерзіміне кірмейді.

      2) көрсетілетін қызметті алушының көрсетілетін қызметті берушіге құжаттарды тапсыру үшін күтудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 10 минут, Мемлекеттік корпорацияда – 15 минут;

      3) көрсетілген қызметті берушіде көрсетілген қызметті алушыға қызмет көрсетудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 30 минут, Мемлекеттік корпорацияда – 20 минут.

Мемлекеттік қызметтің көрсетілетін нысаны

қағаз жүзінде.

Жұмыс кестесі

Жұмыс кестесі:

      1) көрсетілетін қызметті берушіде – Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жексенбі және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбіден бастап сенбіні қоса алғанда, сағат 13.00-ден 14.00-ге дейінгі түскі үзіліспен, сағат 9.00-ден сағат 18.00-ге дейін көрсетілетін қызметті берушінің белгіленген жұмыс кестесіне сәйкес;

      2) Мемлекеттік корпорацияда – еңбек заңнамасына сәйкес, жексенбі және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбіден бастап сенбіні қоса алғанда, түскі үзіліссіз сағат 9.00-ден сағат 20.00-ге дейін белгіленген жұмыс кестесіне сәйкес.

      Мемлекеттік қызмет көрсетілетін қызметті алушының таңдауы бойынша көрсетіледі, қабылдау жеделдетіп қызмет көрсетусіз «электрондық кезек күту» тәртібінде жүзеге асырылады, электрондық кезекті Қазақстан Республикасының электрондық үкімет порталы (бұдан әрі – Портал) арқылы броньдауға болады.

Қажетті құжаттар

 

Көрсетілетін мемлекеттік қызметті алушы жүгінген кезде мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі:

      көрсетілетін қызметті берушіге:

      1) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша білім туралы құжаттың жоғалу мән-жайлары немесе басқа да себептері (тегінің, атының, әкесі атының (бар болған жағдайда) өзгеруі, құжаттардың қабылданғанын растау жарамсыздығы немесе оны толтыру кезіндегі қателер) баяндалған өтініш;

      2) жеке басын куәландыратын құжат (салыстыру үшін).

      Құжаттарды қабылдаған адамның тегі және аты-жөні, сондай-ақ, мөртабан, кіріс нөмірі және күні көрсетіле отырып, осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарына 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша құжаттардың қабылданғаны туралы қолхат беру болып табылады.

      Мемлекеттік корпорацияға:

      1) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім оқу орны басшысының атына өтініш, онда білім туралы құжаттың жоғалу мән-жайлары немесе басқа да себептері (тегінің, атының, әкесі атының (бар болған жағдайда) өзгеруі, жарамсыздығы немесе оны толтыру кезіндегі қателер) баяндалады;

      2) жеке басын куәландыратын құжат (салыстыру үшін).

      Техникалық және кәсіптік білім беретін оқу орны таратылған жағдайда көрсетілетін қызметті алушы техникалық және кәсіптік білім беретін оқу орнының орналасқан жеріндегі мұрағатқа жүгінеді.

      Осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 9-тармағында көрсетілген құжаттарды Мемлекеттік корпорацияға тапсырған жағдайда көрсетілетін қызметті алушыға осы стандартқа 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша құжаттардың қабылданғаны туралы қолхат беріледі.

      Мемлекеттік корпорацияда дайын құжаттарды беру көрсетілетін қызметті алушы жеке басын куәландыратын құжатты көрсеткен жағдайда жүзеге асырылады.

      Мемлекеттік корпорация мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін бір ай ішінде сақтауды қамтамасыз етеді, содан кейін оларды әрі қарай сақтау үшін көрсетілетін қызметті берушіге тапсырады.

      Көрсетілетін қызметті алушы бір ай өткеннен кейін жүгінген жағдайда Мемлекеттік корпорация сұрауы бойынша көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушыға беру үшін Мемлекеттік корпорацияға дайын құжаттарды жібереді.

      Мемлекеттік ақпараттық ресурс болып табылатын көрсетілетін қызметті алушының жеке басын растайтын құжаттың мәліметтерін Мемлекеттік корпорация қызметкері «Электрондық үкімет» шлюзы арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алады.

      Көрсетілетін қызметті алушы Мемлекеттік корпорация беретін нысан бойынша, егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, ақпараттық жүйелердегі заңмен қорғалатын құпия мәліметтерді пайдалануға жазбаша келісімін береді.

      Көрсетілетін қызметті алушылардан ақпараттық жүйелерден алуға болатын құжаттарды талап етуге жол берілмейді.

Мемлекеттік қызметтің нәтижесі

Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі – техникалық және кәсіптік білім туралы құжаттардың телнұсқасы.

Қосылды: 

18.10.2016 – 14:29

Соңғы өзгерiстер: 

24.08.2018 – 10:28

 

Наименование: 

Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім алуды аяқтамаған адамдарға анықтама беру

Стандарт: 

Қарау

Регламент: 

Қарау

Паспорт государственной услуги: 

Қызметтің атауы

Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім алуды аяқтамаған адамдарға анықтама беру

Қызметті көрсететін мемлекеттік орган

Мемлекеттік көрсетілетін қызметті техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдары (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.

Өтініштерді қабылдауды және нәтижелерін беруді жүзеге асыратын мекеме

Мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижелерін техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім оқу орындары жүзеге асырады.            

Қызметті алушылар

жеке тұлғалар

Қызметтің құны

тегін

Қызмет көрсету мерзімі

Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімдері:
      1) көрсетілетін қызметті берушіге техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім білім беру ұйымдарындағы білім алушылар (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) құжаттар топтамасын тапсырған сәттен бастап – 3 жұмыс күні;
      2) көрсетілетін қызметті алушының құжаттар топтамасын тапсыруы үшін күтудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 15 минут;
      3) көрсетілген қызметті алушыға қызмет көрсетудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 30 минут.

Мемлекеттік қызметтің көрсетілетін нысаны

қағаз жүзінде.

Жұмыс кестесі

Көрсетілетін қызметті берушінің жұмыс кестесі Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерінен басқа, дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда, сағат 13.00-ден 14.00-ге дейін түскі үзіліспен, сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін.
      Алдын-ала жазылу және жеделдетіп қызмет көрсету көзделмеген.

Қажетті құжаттар

 

Көрсетілетін мемлекеттік қызметті алушы көрсетілетін мемлекеттік қызметті берушіге жүгінген кезде мемлекеттік қызметті көрсету үшін көрсетілетін қызметті берушіге қажетті құжаттар тізбесі:
      1) осы стандартқа 1-қосымшаға сәйкес белгіленген үлгідегі анықтаманы беру туралы ұйым басшысының атына өтініш;
      2) жеке басын куәландыратын құжат (қызмет алушы тұлғаны салыстыру үшін қажет).
      Құжаттардың қабылданғанын растау құжаттарды қабылдаған адамның тегі мен аты-жөні, сондай-ақ осы стандартқа 3-қосымшаға сәйкес мөртаңба, кіріс нөмірі және күні көрсетіле отырып, қолхат беру болып табылады.

Мемлекеттік қызметтің нәтижесі

Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі – осы стандартқа 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім алуды аяқтамаған адамдарға анықтама беру.

Қосылды: 

18.10.2016 – 14:21

Соңғы өзгерiстер: 

24.08.2018 – 11:14

 

Наименование: 

Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарындағы білім алушыларды ауыстыру және қайта қабылдау

Стандарт: 

Қарау

Регламент: 

Қарау

Паспорт государственной услуги: 

Қызметтің атауы

Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарындағы білім алушыларды ауыстыру және қайта қабылдау

Қызметті көрсететін мемлекеттік орган

Мемлекеттік қызметті техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беретін оқу орындары (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.

Өтініштерді қабылдауды және нәтижелерін беруді жүзеге асыратын мекеме

Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы жүзеге асырылады.

Қызметті алушылар

жеке тұлғалар

Қызметтің құны

тегін

Қызмет көрсету мерзімі

Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдері:
      ауысу үшін:
       көрсетілетін қызметті берушіге құжаттар топтамасын тапсырған сәттен бастап – бір ай ішінде, бірақ қабылдаушы білім беру ұйымының кезекті емтихан сессиясы басталғанға дейін бес күннен кешіктірмей.
      Кәмелетке толмаған білім алушының ата-анасы немесе заңды өкілдері басқа мекен жайға көшкен жағдайда растау құжаттарын ұсынса, оны каникул кезеңінен басқа уақытта да ауыстыруға рұқсат беріледі;
      қайта қабылдау үшін:
      көрсетілетін қызметті берушіге құжаттар топтамасын тапсырған сәттен бастап екі апта ішінде;
       оқу ақысын төлемегені үшін семестр кезінде оқудан шығарылған білім алушы төлемақы бойынша берешегін өтеген жағдайда;
      оқудан шығарылған күннен бастап төрт аптаның ішінде, төлемақы бойынша берешегін өтегені туралы құжатты ұсынған жағдайда үш жұмыс күні ішінде:
      көрсетілетін қызметті алушының құжаттар топтамасын тапсыруы үшін күтудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 15 минут;
      қызмет көрсетудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 15 минут.

Мемлекеттік қызметтің көрсетілетін нысаны

қағаз жүзінде.

Жұмыс кестесі

Көрсетілетін қызметті берушінің жұмыс кестесі: Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбіден бастап сенбіні қоса алғанда көрсетілетін қызмет берушінің белгіленген жұмыс кестесіне сәйкес, сағат 13.00-ден сағат 14.00-ге дейін түскі үзіліспен сағат 9.00-ден сағат 18.00-ге дейін.

Қажетті құжаттар

 

Көрсетілетін қызметті алушы көрсетілетін қызметті берушіге жүгінген жағдайда мемлекеттік қызмет көрсету мақсатында бір мамандықтан екінші мамандыққа, бір оқу нысанынан басқа оқу нысанына, бір тілдік бөлімнен басқа тілдік бөлімге, ақылы негізде оқудан білім беру гранты бойынша оқуға ауыстыру үшін қажетті құжаттар тізбесі:
      Көрсетілетін қызметті алушы көрсетілетін қызметті берушіге жүгінген жағдайда мемлекеттік қызмет көрсету мақсатында басқа білім беру ұйымына ауыстыру үшін қажетті құжаттар тізбесі:
      1) ауыстыру туралы өтініш (еркін нысандағы);
       2) ауыстыратын білім беру ұйымы басшысының қолымен куәландырылған білім алушының сынақ кітапшасының (немесе үлгерім кітапшасының) көшірмесі.
      Көрсетілетін қызметті алушы көрсетілетін қызметті берушіге жүгінген жағдайда қайта қабылдау үшін мемлекеттік қызмет көрсету мақсатында қажетті құжаттар тізбесі:
      1) қайта қабылдау туралы өтініш (еркін нысандағы);
      2) «Білім алуды аяқтамаған адамдарға берілетін анықтама нысанын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2009 жылғы 12 маусымдағы № 289 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 5717 болып тіркелген) бекітілген нысан бойынша анықтама.
      Оқу ақысын төлемегені үшін семестр кезінде оқудан шығарылған ақылы негізде оқитын білім алушы үшін төлемақы бойынша берешегін өтегені туралы құжат.

Мемлекеттік қызметтің нәтижесі

Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарына ауысу немесе қайта қабылдау туралы бұйрық болып табылады.

Қосылды: 

18.10.2016 – 14:17

Соңғы өзгерiстер: 

24.08.2018 – 10:11

 

Наименование: 

Білім беру ұйымдарында білім алушыларға академиялық демалыс беру

Стандарт: 

Қарау

Регламент: 

Қарау

Паспорт государственной услуги: 

Қызметтің атауы

Білім беру ұйымдарында білім алушыларға академиялық демалыс беру

Қызметті көрсететін мемлекеттік орган

Мемлекеттік қызметті техникалық және кәсiптік, орта білімнен кейінгі, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдары (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.

Өтініштерді қабылдауды және нәтижелерін беруді жүзеге асыратын мекеме

Мемлекеттік көрсетілетін қызмет өтініштерін қабылдау және нәтижелерін беру көрсетілетін қызметті беруші арқылы жүзеге асырылады.

Қызметті алушылар

 

Жеке тұлғалар

Қызметтің құны

тегін

Қызмет көрсету мерзімі

Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімдері:

      1) көрсетілетін қызметті берушіге құжаттар топтамасын тапсырған сәттен бастап – 3 (үш) жұмыс күні;

      2) көрсетілетін қызметті алушының құжаттар топтамасын тапсыруы үшін күтудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 20 (жиырма) минут;

      3) көрсетілетін қызметті алушыға қызмет көрсетудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 30 (жиырма) минут.

Мемлекеттік қызметтің көрсетілетін нысаны

қағаз түрінде.

Жұмыс кестесі

Көрсетілетін қызметті берушінің жұмыс кестесі – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбіден бастап жұма аралығында сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін.

      Мемлекеттік көрсетілетін қызмет өтініштерін қабылдау және нәтижелерін беру сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 17.30-ға дейін жүзеге асырылады.

      Мемлекеттік қызмет алдын ала жазылусыз және жеделдетіп қызмет көрсетусіз, кезек күту тәртібімен көрсетіледі.

Қажетті құжаттар

 

Көрсетілетін қызметті алушы жүгінген кезде мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі:

      сырқатына байланысты ұзақтығы 6 айдан 12 айға дейін академиялық демалыс беру үшін:

      1) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша көрсетілетін қызметті алушының (не оның заңды өкілінің) ұйым басшысының атына академиялық демалыс беру туралы өтініші;

      2) амбулаториялық-емханалық ұйым жанындағы дәрігерлік-консультациялық комиссияның (бұдан әрі – ДКК) қорытындысы.

      ұзақтығы 36 айдан аспайтын туберкулезбен ауырған жағдайда академиялық демалыс беру үшін:

      1) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша көрсетілетін қызметті алушының (не оның заңды өкілінің) ұйым басшысының атына академиялық демалыс беру туралы өтініші;

      2) туберкулезге қарсы ұйымның Орталықтандырылған дәрігерлік-консультациялық комиссиясының (бұдан әрі – ОДКК) шешімі;

      бала 3 жасқа толғанға дейін академиялық демалыс беру үшін:

      1) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша көрсетілетін қызметті алушының (не оның заңды өкілінің) ұйым басшысының атына академиялық демалыс беру туралы өтініші;

      2) туу, ұл немесе қыз бала асырап алу туралы (куәлік) құжаттар.

      әскери қызметке шақырылатын студентке академиялық демалыс беру үшін:

      1) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша көрсетілетін қызметті алушының (не оның заңды өкілінің) ұйым басшысының атына академиялық демалыс беру туралы өтініші;

      2) әскери қызметке шақыру туралы қағаз.

Мемлекеттік қызметтің нәтижесі

Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі – белгіленген тәртіппен расталған білім беру ұйымы басшысының білім алушыға басталу және аяқталу мерзімін көрсете отырып, академиялық демалыс беру туралы бұйрығының көшірмесі не осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 10-тармағында белгіленген негіздеме бойынша мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап.

      Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру нысаны: қағаз жүзінде.

Қосылды: 

17.05.2018 – 06:34

Соңғы өзгерiстер: 

24.08.2018 – 12:53

 

Наименование: 

Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарында білім алушыларға жатақхана беру

Стандарт: 

Қарау

Регламент: 

Қарау

Паспорт государственной услуги: 

Қызметтің атауы

Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарында білім алушыларға жатақхана беру

Қызметті көрсететін мемлекеттік орган

Мемлекеттік қызметті жатақханасы бар техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдары (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.

Өтініштерді қабылдауды және нәтижелерін беруді жүзеге асыратын мекеме

Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы жүзеге асырылады.

Қызметті алушылар

Жеке тұлғалар

Қызметтің құны

тегін

Қызмет көрсету мерзімі

Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдері:

      1) техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарында білім алушылар (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) көрсетілетін қызметті берушіге құжаттар топтамасын тапсырған сәттен бастап – 10 жұмыс күні;

      2) көрсетілетін қызметті алушының құжаттар топтамасын тапсыруы үшін күтудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 15 минут;

      3) көрсетілетін қызметті алушыға қызмет көрсетудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 30 минут.

Мемлекеттік қызметтің көрсетілетін нысаны

электрондық (ішінара автоматтандырылған) және (немесе) қағаз жүзінде.

Жұмыс кестесі

Көрсетілетін қызметті берушінің жұмыс кестесі Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбі мен сенбіні қоса алғанда сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін.

      Алдын ала жазу және жедел қызмет көрсету көзделмеген.

Қажетті құжаттар

 

Көрсетілетін қызметті алушы көрсетілетін қызметті берушіге жүгінген кезде мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі:

      1) осы стандартқа 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша ұйым басшысының атына жатақханадан орын беру туралы өтініш;

      2) отбасы болған жағдайда, отбасының құрамы туралы анықтама;

      3) ата-анасының (ата-аналарының) қайтыс болуы туралы куәліктің көшірмесі (жетім балалар үшін);

      4) отбасында 4 немесе одан да көп баланың болуы туралы анықтама (көпбалалы отбасылардан шыққан балалар үшін);

      5) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2014 жылғы 1 сәуірдегі № 142-І бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9377 болып тіркелген) бекітілген нысан бойынша мүгедектігін растау туралы анықтама;

      6) мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алу үшін құқықты растау туралы анықтама немесе жан басына шаққандағы орташа табысы күнкөріс деңгейінен төмен отбасылардан шыққан балалар үшін атаулы әлеуметтік көмек көрсетудің жоқтығы туралы анықтама;

      7) жеке басын куәландыратын құжат (салыстыру үшін).

      Құжаттардың қабылданғанын растау құжаттарды қабылдаған адамның тегі мен аты-жөні, сондай-ақ мөртаңба, кіріс нөмірі және күні көрсетіле отырып, қолхат беру болып табылады.

Мемлекеттік қызметтің нәтижесі

Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі – техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарында білім алушыларға осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жатақхана беру туралы жолдама.

Қосылды: 

18.10.2016 – 15:07

Соңғы өзгерiстер: 

24.08.2018 – 12:30

 

Наименование: 

Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі және жоғары білім беру ұйымдарындағы тәрбиеленушілер мен білім алушылардың жекелеген санаттағы азаматтарына, сондай-ақ, қорғаншылық (қамқоршылықтағы) пен патронаттағы тұлғаларына тегін тамақтандыруды ұсыну

Стандарт: 

Қарау

Регламент: 

Қарау

Паспорт государственной услуги: 

Қызметтің атауы

Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі және жоғары білім беру ұйымдарындағы тәрбиеленушілер мен білім алушылардың жекелеген санаттағы азаматтарына, сондай-ақ, қорғаншылық (қамқоршылықтағы) пен патронаттағы тұлғаларына тегін тамақтандыруды ұсыну

Қызметті көрсететін мемлекеттік орган

Мемлекеттік қызметті жергілікті атқарушы органдар және жоғары оқу орындары (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.

Өтініштерді қабылдауды және нәтижелерін беруді жүзеге асыратын мекеме

Мемлекеттік көрсетілетін қызмет өтініштерін қабылдау және нәтижелерін беру көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы жүзеге асырылады.

Қызметті алушылар

 

Жеке тұлғалар

Қызметтің құны

тегін

Қызмет көрсету мерзімі

Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімдері:

      1) көрсетілетін қызметті берушіге құжаттар топтамасын тапсырған сәттен бастап – 10 күнтізбелік күндер;

      2) көрсетілетін қызметті алушының құжаттар топтамасын тапсыруы үшін күтудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 20 минут;

      3) көрсетілген қызметті алушыға қызмет көрсетудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 30 минут.

Мемлекеттік қызметтің көрсетілетін нысаны

қағаз түрінде.

Жұмыс кестесі

Көрсетілетін қызметті берушінің жұмыс кестесі – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда, сағат 9.00-ден 17.30-ге дейін, сағат 13.00-ден 14.30-ге дейінгі түскі үзіліспен көрсетілетін қызметті берушінің белгіленген жұмыс кестесіне сәйкес.

Қажетті құжаттар

 

Көрсетілетін қызметті алушы жүгінген кезде мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі:

      1) ата-анасының немесе оларды алмастыратын тұлғалардың еркін нысандағы көрсетілетін қызметті берушінің басшысының атына жазбаша өтініші;

      2) көп балалы отбасылардың балалары үшін туу туралы куәлігінің көшірмесі;

      3) жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, отбасыларда тәрбиеленетін балалар үшін қамқорлықты (қорғаншылықты) және патронаттық тәрбиені бекіту туралы анықтаманың көшірмесі;

      4) мүгедектер және бала кезінен мүгедектер үшін мүгедектігі туралы анықтама немесе даму мүмкіндіктері шектеулі балалар үшін психологиялық-медициналық-педагогикалық консультацияның медициналық қорытындысының көшірмесі;

      5) атаулы әлеуметтік көмек алуға құқығы бар отбасылардан шыққан балалар үшін өтініш берушінің (отбасының) жергілікті атқарушы органдар ұсынатын мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмекті алушыларға жататынын растайтын анықтама;

      6) мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алмайтын, жан басына шаққандағы орташа табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінен төмен отбасылардан шыққан балалар үшін алынған табысы туралы анықтама (жұмыс істейтін ата-аналарының немесе оларды алмастыратын тұлғалардың жалақысы, кәсіпкерлік қызметтен және басқа қызмет түрлерінен түсетін кірісі, балаларға және басқа да асырауындағыларға арналған алимент түріндегі кірістер).

Мемлекеттік қызметтің нәтижесі

Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі – тегін тамақтандыруды ұсыну немесе бас тарту туралы еркін нысандағы шешім.

      Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру нысаны: қағаз жүзінде.

Қосылды: 

17.05.2018 – 06:34

Соңғы өзгерiстер: 

27.08.2018 – 05:58

 

Наименование: 

Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту, бастауыш, негізгі орта, жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарының педагог қызметкерлері мен оларға теңестірілген тұлғаларға біліктілік санаттарын беру (растау) үшін аттестаттаудан өткізуге құжаттар қабылдау

Стандарт: 

Қарау

Регламент: 

Қарау

Паспорт государственной услуги: 

Қызметтің атауы

Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту, бастауыш, негізгі орта, жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарының педагог қызметкерлері мен оларға теңестірілген тұлғаларға біліктілік санаттарын беру (растау) үшін аттестаттаудан өткізуге құжаттар қабылдау

Қызметті көрсететін мемлекеттік орган

Мемлекеттік қызметті облыстардың, Астана және Алматы қалаларының, облыстық маңызы бар аудандар мен қалалардың жергілікті атқарушы органдары, мектепке дейінгі, бастауыш, негізгі орта, жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдары (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.                   

Өтініштерді қабылдауды және нәтижелерін беруді жүзеге асыратын мекеме

Мемлекеттік қызметті көрсету үшін құжаттарды қабылдау және нәтижеcін беру көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы жүзеге асырылады.

 

Қызметті алушылар

жеке тұлғалар

Қызметтің құны

тегін

Қызмет көрсету мерзімі

Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі – 20 минут.
      1) құжаттар топтамасын тапсыру үшін күтудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 20 минут;
      2) қызмет көрсетудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 20 минут.

Мемлекеттік қызметтің көрсетілетін нысаны

қағаз жүзінде.

Жұмыс кестесі

Көрсетілетін қызметті берушінің жұмыс кестесі Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбі мен жұма аралығында сағат 13.00-ден 14.00, 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 09.00-ден 18.00, 18.30-ға дейін.
      Құжаттарды қабылдау және мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижелерін беру сағат 13.00-ден 14.00, 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 09.00-ден 17.30-ға дейін жүзеге асырылады.
       Қабылдау алдын ала жазылусыз және жеделдетіп қызмет көрсетусіз кезек күту тәртібімен жүзеге асырылады.

Қажетті құжаттар

 

Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту, бастауыш, негізгі орта, жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарының педагог қызметкерлері мен оларға теңестірілген тұлғаларға біліктілік санаттарын беру (растау) үшін аттестаттаудан өткізуге құжаттар тізбесі:
      1) осы Стандартқа 2-қосымшаға сәйкес аттестаттауға өтініш;
      2) жеке басын куәландыратын құжат көшірмесі;
      3) білімі туралы диплом көшірмесі;
      4) біліктілікті арттыру туралы құжат көшірмесі;
      5) қызметкердің еңбек қызметін растайтын құжатының көшірмесі;
      6) бұрын берген біліктілік санаты туралы куәлік көшірмесі (жоғары білім беру ұйымдарынан ауысқан және біліктілік санаттары жоқ педагог қызметкерлерден басқа);
      7) Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің міндетін атқарушының 2013 жылғы 7 тамыздағы № 323 бұйрығымен бекітілген Білім және ғылым саласындағы азаматтық қызметшілерді аттестаттаудан өткізу қағидалары мен шартын, сондай-ақ Мектепке дейінгі, бастауыш, негізгі орта, жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімнің білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарында жұмыс істейтін педагог қызметкерлер мен оларға теңестірілген тұлғаларды аттестаттаудан өткізу қағидалары мен шартына сәйкес (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2013 жылғы 28 тамызда № 8678 болып тіркелген) кәсіптік жетістіктері туралы мәліметтер (болған жағдайда).

Мемлекеттік қызметтің нәтижесі

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесі – Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту, бастауыш, негізгі орта, жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарының педагог қызметкерлері мен оларға теңестірілген тұлғаларға біліктілік санаттарын беру (растау) үшін оларды аттестаттаудан өткізуге құжаттарды қабылдау осы Стандартқа 1-қосымшаға сәйкес құжаттарды қабылдау туралы қолхат болып табылады.

Қосылды: 

18.10.2016 – 14:14

Соңғы өзгерiстер: 

24.08.2018 – 10:06

 

Наименование: 

Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарына құжаттар қабылдау

Стандарт: 

Қарау

Регламент: 

Қарау

Паспорт государственной услуги: 

Қызметтің атауы

Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарына құжаттар қабылдау

Қызметті көрсететін мемлекеттік орган

Мемлекеттік қызметті техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беретін оқу орындары (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.

Өтініштерді қабылдауды және нәтижелерін беруді жүзеге асыратын мекеме

Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы жүзеге асырылады.

Қызметті алушылар

Жеке тұлғалар

Қызметтің құны

тегін

Қызмет көрсету мерзімі

Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдері:

      1) мыналарға түсетін көрсетілетін қызметті алушылар үшін көрсетілетін қызметті берушіге құжаттар топтамасы тапсырылған сәттен бастап:

      күндізгі оқу нысанына – 20 маусым мен 20 тамыз аралығында;

      сырттай (кешкі) оқу нысанына – 20 маусым мен 20 қыркүйек аралығында;

      2) көрсетілетін қызметті алушының құжаттар топтамасын тапсыруы үшін күтудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 15 минут;

      3) қызмет көрсетудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 15 минут.

Мемлекеттік қызметтің көрсетілетін нысаны

қағаз жүзінде.

Жұмыс кестесі

Көрсетілетін қызметті берушінің жұмыс кестесі: Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбіден бастап сенбіні қоса алғанда көрсетілетін қызмет берушінің белгіленген жұмыс кестесіне сәйкес, сағат 13.00-ден сағат 14.30-ге дейін түскі үзіліспен сағат 9.00-ден сағат 18.00-ге дейін.

      Алдын ала жазылу және жеделдетіп қызмет көрсету көзделмеген.

Қажетті құжаттар

 

. Көрсетілетін қызметті алушы көрсетілетін қызметті берушіге өтініш берген кезде мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі:

      1) қабылдау туралы еркін нысандағы өтініш;

      2) білімі туралы құжаттың түпнұсқасы;

      3) 3×4 см көлеміндегі 4 дана фотосурет;

      4) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6697 болып тіркелген) флюросуреті қоса берілген 086-У нысанындағы медициналық анықтама (І және ІІ топтағы мүгедектер мен бала жасынан мүгедектер үшін медициналық-әлеуметтік сараптаманың қорытындысы);

      5) ұлттық бірыңғай тестілеудің немесе кешенді тестілеудің сертификаты (бар болса);

      6) жеке басын куәландыратын құжат (тұлғаны салыстыру үшін).

      Көрсетілетін қызметті алушының жеке басын куәландыратын құжаттарды жеке өзі немесе заңды өкілдері ұсынады.

      Көрсетілетін қызметті алушылар – шетелдіктер және азаматтығы жоқ адамдар олардың мәртебесін айқындайтын, тұрғылықты жері бойынша тіркелгендігі туралы белгісі бар құжатты ұсынады:

      1) шетелдік – шетелдіктің Қазақстан Республикасында тұруға ықтиярхаты;

      2) азаматтығы жоқ тұлға – азаматтығы жоқ тұлғаның куәлігі;

      3) босқын – босқын куәлігі;

      4) пана іздеуші тұлға – пана іздеуші тұлғаның куәлігі;

      5) оралман – оралман куәлігі.

      Көрсетілетін қызметті алушыға осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына қосымшаға сәйкес нысан бойынша құжаттардың қабылданғаны туралы қолхат беріледі, онда:

      1) тапсырылған құжаттардың тізбесі;

      2) құжаттарды қабылдап алған қызметкердің тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), лауазымы, сондай-ақ байланыс деректері көрсетіледі.

Мемлекеттік қызметтің нәтижесі

Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беретін оқу орнына құжаттардың қабылданғаны туралы қолхат болып табылады.

Қосылды: 

18.10.2016 – 15:10

Соңғы өзгерiстер: 

24.08.2018 – 12:32