«МЕЙІРІМ» АТТЫ ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ АКЦИЯСЫ

 

Тәрбие бөлімінің ұйымдастыруымен, оқу жылының басында  жоспар бойынша  «Мейірім» атты қайырымдылық акциясы өз бастауын алды.

Акцияның негізгі мақсаты:

  1. Тұрмысы нашар отбасылар мен көп балалы жанұяларға көмек көрсету;

  2. Жатақханада жататын студенттердің бос уақытын тиімді пайдалануларына ат салысу.

  3. «Адалдық аланы» жұмысын жаңдандыру

Акцияға сәйкес, өздеріңіз тұтынбайтын киюге жарамды, әрі таза киімдер секілді тұрмысқа қажетті заттар, сонымен қатар студенттер үшін  колледж  жатақханасына қызықты энциклопедиялар, кітаптар және  «Адалдық дүкеніне» кеңсе заттары жинастырылады.

Аталмыш акция, қыркүйек айының соңына дейін жалғасын табады.

Барлықтарыңызды аталмыш акцияға белсене қатысуларыңызды сұраймыз.

Тапсыру орны: 507 кабинет.