“Мемлекеттік тіл- ұлт тірегі”

Ағымдағы жылдың 23 мамырдың «Мемлекеттік тіл- ұлт тірегі» қалалық тіл фестивалі «Анаға тағзым» ғимаратында өткен ақын Фариза Оңғарсыноваға арналған  «Өмірің өлеңмен өрнектелген арулар » атты қыз-келеншектер арасындағы қалалық жыр мүшәйрасына  Ақтөбе жоғары политехникалық колледжінің студенттері  қатысып, өскелең  ұрпаққа Фариза ақынның қуатты да киелі,  көркем шығармаларын насихаттауға  зор үлес қосты. Байқау нәтижесінде Шағраева Мерейлім жүлделі  II-орынды иеленіп, Тұрсынбаева Жұлдызай Алғыс хатпен марапатталды. Жетекшісі: Алашбаева Г.С

«Мен жазбаймын бұл сөзді ермек үшін» атты жас тілшілер үйірмесінің жетекшісі  Гүлжайнар Алашбаева шәкірттерінің жетістігі жөнінде: «Атадан балаға мирас ақындық өнерді жанына серік еткен жастардың аяқ алысы жақсы. Жазба ақындықтың деңгейін көтеруге үлес қосып келеміз»,-деп атап өтті.

Жетістіктеріңіз бен жеңістеріңіз құтты болсын!