“Жасыл бақ -таза колледж” акциясы

Ағымдағы жылдың 17-18 мамырында Ақтөбе Жоғары политехникалық колледжінің Жастар комитетінің белсенді жастары және кәсіподақ комитеті “Жасыл бақ -таза колледж” акциясын өткізеді. Шараның мақсаты -жастардың қолымен аймақты көгалдандыру, жас ұрпақ бойын табиғатқа деген жанашырлық, қамқорлық сезімдерін қалыптасыру, эстетикалық және экологиялық тәрбиені нығайту.