Дуалды оқыту жүйесі:
– жұмыс берушінің талаптарына сәйкес;
– түлектердің 100% жұмыспен қамтылуына қол жеткізу;
– түлектер арасындағы практикалық дағдылардың деңгейін көтеру;
– оқуға деген жоғары уәждемеге қол жеткізу;
– мұғалімдердің кәсіби дайындық деңгейі өндірістік процестің техникалық жабдықталуының жоғары деңгейіне сәйкес келуін қамтамасыз ету;
– инновациялық оқу материалдық базасын құру;
– оқу процесін басқаруда қазіргі заманғы басқару технологияларын қолдануға көмектеседі.
           Дуалды оқыту жүйесі 2019-2020 оқу жылының басында бекітілген жоспарға сай жүргізілді. Білім беру үдерісіне дуальды оқыту шаралары туралы Ақтөбе облысының Кәсіпкерлер Палатасымен келісіліп жүзеге асырылды. Оқу процесі барысында қашықтықтан оқыту элементтерін қолдана студенттерді дуалды оқыту жүйесіне ауыстырылып, оқытылды. Дуалды оқыту жүйесіне ауыстырылатын студенттер жұмысқа жіберілмес бұрын комиссия отырысында оқу үлгерімі және тәртібін ескере отырып қарастырылады. Комиссия шешімі бойынша ғана жұмысқа жіберіледі.
Соңғы үш жылмен салыстырғанда дуалды оқыту жүйесіне ауысқан студенттер саны айрықша жоғары және бұған әлеуметтік серіктестерімізде септігін тигізді:
2017-2018 оқу жылында – 87 студент                                                     
2018-2019 оқу жылында – 136 студент
2019-2020 оқу жылында- 158 студент
 
          Колледжде дуалды оқыту жүйесінде оқыту «Дуальды оқыту ережесі» негізінде жүзеге асырылып, студенттердің төмендегі міндетті құжаттары тапсырылуымен жүргізілді:
  • Студенттің өтініші;
  • Ата-анасының өтініші;
  • Жеке куәлігің көшірмесі;
  • Ата-анасының куәлігінің көшірмесі;
  • Зейнетақы қорынан есеп
  • Жұмыс орнынан анықтама
  • Дуалды оқыту туралы 3 жақты келісімшарт;
  • Өндірістегі тәлімгерлері бекітілгені туралы анықтама.
Дуалды оқыту жүйесі барысында 2019-2020 оқу жылында келесі мекемелермен келісімшартқа отырдық:
  1. «АТ» мамандықтары бойынша: ТОО «Пассажирские автотранспортные перевозки»,ТОО «Автопарк», «СВС-Транс», «СтарСервисГрупп» ЖШС, “Данай-Актобе” ЖШС
  2. «Б» мамандығы бойынша: ТОО “РТГТилМашКазахстан”, ТОО “Marco”, ТОО “Лидер СтройМед”
  3. «С» мамандығы бойынша: ТОО «ТОП-ПРОЕКТ», ТОО “РусТал”, Проектная фирма “Жоба НС”
  1. «ИС» мамандығы бойынша: ТОО Колданов “ТД Жана-Құрылыс, ТОО «Сигматек»
  2. «АС», «ЭЛ» мамандығы бойынша: «АУЭС-Алматинский университет энергетики и связи», ТОО “АтырауБетонСнаб”, «ТенгизШевройл», ТОО«ЮжПромСнаб», ТОО «Светоком», Производственная компания “Lucrum Star”, РГУ “Управление гос.доходов по г.Актобе және т.б.
  3. «РМ» мамандығы бойынша: «СНПС-АМГ» , ТОО “Стройфинанс”.