Фариза Жырлары Дәріптелді

Ағымдағы жылдың 23 мамырында «Мемлекеттік тіл – ұлт тірегі» қалалық тіл фестивалі аясында «Анаға тағзым» ғимаратында өткен ақын Фариза Оңғарсыноваға арналған «Өмірін өлеңмен өрнектеген арулар» атты қыз-келіншектер арасындағы қалалық жыр мүшәйрасына Ақтөбе жоғары политехникалық колледжінің студенттері қатысып, өскелең ұрпаққа Фариза ақынның қуатты да киелі көркем шығармаларын насихаттауға зор үлес қосты.

Байқау нәтижесінде Шағраева Мерейлім жүлделі ІІ орынды иеленіп, Тұрсынбаева Жұлдызай Алғыс хатпен марапатталды.

Жетістіктеріңіз бен жеңістеріңіз құтты болсын!

«Мен жазбаймын бұл сөзді ермек үшін» атты жас тілшілер үйірмесінің жетекшісі Гүлжайнар Алашбаева шәкірттерінің жетістігі жөнінде: «Атадан балаға мирас ақындық өнерді жанына серік еткен жастардың аяқ алысы жақсы. Жазба ақындықтың деңгейін көтеруге үлес қосып келеміз», – деп атап өтті.