Приложение 1 к приказу исполняющего
обязанности Министра
образования и науки
Республики Казахстан
от 6 ноября 2015 года
№ 627

Ақтөбе Жоғары политехникалық колледжі арнайы басқа колледждердің студенттері үшін төмендегі мамандықтар бойынша АҚЫСЫЗ (бюджеттік) және ақылы негізде өз оқуын жалғастыруға мүмкіндік береді:

1.      «Электрмен қамтамасыздандыру (салалар бойынша)»

2.      «Автоматтандыру және басқару»

3.      «Ақпараттық жүйелер» (қолданылу саласы бойынша)

4.      «Есептеу техникасы және бағдарламамен қамтамасыз ету»

5.      «Үйлер мен ғимараттарды салу және пайдалану»

6.      «Есеп және аудит (салалар бойынша)»

7.      «Аударма ісі»

8.      «Автомобиль көлігін жөндеу және техникалық қызмет көрсету»

9.      «Машина жасау технологиясы»

10.  «Мұнай және газды қайта өңдеу технологиясы»

11.  «Мұнай және газ кен орындарын пайдалану (бейін бойынша)»

 

Оқу орнына ауысу жазғы демалыс мерзімінде жүзеге асырылады.

87019334558, 87473261127 телефондары бойынша толық ақпарат алуға болады.

            Ақтөбе Жоғары политехникалық колледжіне қабылдау ережелері

1.      Білім алушылардың бір оқу орнынан екінші оқу орнына, бір оқу түрінен келесісіне, бір тілдік бөлімнен басқасына, бір мамандықтан келесі мамандыққа, оқудың ақылы негізінен мемлекеттік білім беру тапсырысына ауысуы жүзеге асырылады;

2.      Оқытудың күндізгі және кешкі бөлімдерінде білім алушылардың ауысу және қайта қабылдау туралы өтініштерін білім беру ұйымының басшысы жазғы және қысқы демалыс мерзімінде қабылдаушы білім беру ұйымында кезекті академиялық демалыс басталғанға дейін 5 күн ішінде қарайды;

3.      Кәмелетке толмаған білім алушылардың ата-анасы немесе заңды өкілдері басқа мекен-жайға қоныс аударғанда, айғақтайтын құжаттарын көрсеткен жағдайда демалыстық емес мерзімде оның ауысуына мүмкіндік беріледі;

4.      Ауысып келген білім беру ұйымы басшысының қолы қойылған білім алушының сынақ кітапшасының (үлгерім кітапшасының) көшірмесі қажет.

Білім беру ұйымының типтері бойынша білім алушылардың ауысуы және қайта қабылдану Ережелерін бекіту туралы