Педагогикалық құрамЖобаларБөлімшелер

«Заманауи сабақ – тиімді жəне сапалы білім берудің негізі» облыстық оқу семинары

     2021 жылғы 25 наурызда «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы Ақтөбе облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтының және Ақтөбе облысы бойынша білім беру саласында сапаны бақылау департаментінің ұйымдастыруымен  ТжКББ ұйымдарының әдіскерлеріне «Заманауи сабақ – тиімді жəне сапалы білім берудің негізі» облыстық оқу семинары өтті. Семинар мақсаты: қазіргі заманғы білім беру жүйесінде ғылыми жəне кəсіби білімнің қарқынды жаңартылуы жағдайында əдіскеркерлерге кəсіби қолдау көрсету. Семинар бағдарламасына сәйкес колледж әдіскері Ескалиева С.Б. «Педагогтің кəсіби жетілуі – бəсекеге қабілеттіліктің кепілі» тақырыбында баяндамасын жасап, өз іс-тәжірибесімен бөлісті.

Оқу-әдістемелік кабинет