2019 жылдың 24 қазанында “Менің туым, Менің Отаным!” атты патриоттық акциясы аясында Мемлекеттік Ту көтеру салтанатты рәсімі болып өтті.
Іс-шараға қатысқан “Жас Отан” Жастар қанатының Ақтөбе облыстық филиалының төрағасы Асылжан Бүркіталин студенттерді туған жерді, Отанды сүюге, Мемлекеттік рәміздерді, ана тілімізді құрметтеуге шақырды.
Шараның мақсаты:
Акцияның мақсаты мемлекеттік туды насихаттау және Қазақстандық жастарды патриотизмге тәрбиелеу, сондай ақ азаматтардың мемлекеттік туды пайдалануға және орнатуға тиым салу туралы қоғамда қалыптасқан стереотипті жою болып табылады.
Мемлекеттің рәміздерді қадірлеу- Тәуелсіз Қазақстанның әрбір азаматының қасиетті борышы болып табылатындығы туралы терең түсінік берілді.