Педагогикалық құрамЖобаларБөлімшелер

АҚТӨБЕЛІК ЖАС ҰСТАЗ «ШАПАҒАТ» МЕДАЛІМЕН НАГРАДТАЛДЫ

Ақтөбе жоғары политехникалық колледжінің «Автоматтандыру және басқару» бөлімінің меңгерушісі, «Үздік педагог» республикалық байқауының жеңімпазы – Шаңбаев Дархан Түгелбайұлы «Шапағат» орденімен марапатталды.

Дархан Түгелбайұлы жас мамандарды тәрбиелеу ісінде, техникалық білім беруді дамытуда және білім алушылардың кәсіби дағдыларын қалыптастыруда аянбай еңбек етіп келеді. Ол педагогикалық қызметімен қатар, жастардың ғылыми жобаларға, инновациялық идеяларға қызығушылығын арттырып, түрлі республикалық, байқауларда шәкірттерін жеңіске жеткізген тәжірибелі ұстаз.

«Шапағат» ордені – қоғамға пайдасын тигізіп, адал еңбегімен ерекшеленген азаматтарға берілетін мәртебелі марапат.

Дархан Түгелбайұлын осы жоғары марапатымен шын жүректен құттықтаймыз! Еңбегіңіз жемісті болып, шәкірттеріңіз биік белестерді бағындыра берсін!