Педагогикалық құрамЖобаларБөлімшелер

Бір шебер – Жүз бейне

«Бір шебер – Жүз бейне»

Ізімов Ғалымжан Қуанышұлы Ақтөбе жоғары политехникалық колледжінің арнайы пәндер оқытушысы. Білім саласындағы еңбек жолын қарапайым зертханашы қызметінен бастап, кейін өндірістік оқыту шебері, ал бүгінде тәжірибелі оқытушы ретінде шәкірт тәрбиелеп келеді. 14 жыл ішінде кәсіби шеберлігін жетілдіріп, түрлі байқауларда жүлдегер атанып, шәкірттерімен бірге талай жетістікке қол жеткізді.

Оның өмірлік ұстанымы: «Өз ісіңнің шебері бол – еліңнің тірегі бол!»

Бұл сөздер – жай ғана ұран емес, оның кәсіби жолының мәні.

Себебі ұстаздық – тек білім беру емес, ел болашағына бағыт-бағдар көрсететін үлкен жауапкершілік.