Ағымдағы жылдың 21 сәуірінде «Экономикалық пәндер» циклдік-әдістемелік бірлестігі апталығы аясында колледжішілік AHPC STARTUP – 2022 «Ең үздік бизнес жоба» байқауы өтті.
AHPC STARTUP – 2022 «Үздік бизнес жоба» — бұл студенттердің кәсіпкерлік дағдыларын, презентация жасау және көпшілік алдында сөз сөйлеу, сондай-ақ өз бизнесін құру және дамыту дағдыларын дамытуға көмектесетін студенттік стартаптар мен бизнес жобалар байқауы.
Бағалау комиссиясы: Кәсіпкер Омарова Ж.Д., @aktobe_online парақшасының негізін қалаушы, блогер Гончаров Ю.В., STARTUP байқауларының жүлдегері, 406 ИС тобының студенті Абдуллин Р. Ф.
Байқауға 14 команда қатысып, 8 команда жүлделі орынға ие болды.
1 орын
-
«ECO BAGS» – Булатова М., Бисенова М. 201 Б
-
«B-design» – Қойшыбаев Б., Убниев Б. 301 ИС