Шеберлік сағаттың мақсаты: қашықтықтан оқытуда электрондық ресурстарды әзірлеу барысында ақпараттық технологияларды тиімді қолдану арқылы студенттердің пәнге деген қызығушылығын арттыру және студенттердің шығармашылық қабілеттерін дамыту. Мақсатқа сәйкес шеберлік сағаттың спикерлері Kahoot, Padlet секілді бағдарламаларды қолдана отырып өз электрондық ресурстарын әзірлеудегі тәжірибелерімен бөлісті. Шеберлік сағаттың спикерлері: ағылшын тілі мен арнайы пән оқытушылары Г.Джалгасбаева, Г.Базекенова және Г.Нурфайзова. Аталмыш шеберлік сағатқа колледжіміздің әдіскерлері мен оқытушылары және де облысымыздың басқа да колледждерінің ағылшын тілі пәні оқытушылары қатысты.
- 19 Ақп
- 2022