2022 жылдың 8 ақпанында «Бөбек» ұлттық ғылыми-практикалық, білім беру және сауықтыру орталығының ұйымдастыруымен «Өзін-өзі тану» РАББ бағдарламасын іске асыру бойынша «Техникалық және кәсіптік жүйесінде жастарға рухани-адамгершілік білім беруді іске асыру жолдары» атты республикалық педагогикалық оқулары өтті. Шараның мақсаты: Ұлттық білім беру жүйесін дамытуға қойылатын қазіргі заманғы талаптар негізінде ТжКБ ұйымдарының оқу-тәрбие процесінде білім алушыларға рухани-адамгершілік білім берудің ғылыми негізделген тәсілдерін айқындау» Республикалық педагогикалық оқуларға ҚР БжҒМ – нің, Алматы қаласы білім басқармасының өкілдері мен «Өзін-өзі тану» рухани-адамгершілік бағдарламасын оқу-тәрбие ірдісіне интеграциялау пилоттық жобасын іске асрушы колледждердің басшылары, оқытушылары қатысты. Колледж әдіскері, Ескалиева Салтанат Бахытовна, педагогикалық оқулардың пленарлық отырысында баяндама жасап, тәжірибесімен бөлісті.
- 09 Ақп
- 2022