Шараның мақсаты: соңғы уақытта елдегі болған жағдай бойынша Президенттің Үндеуін талқылау, студенттерді отансүйгіштікке, патриотизмге тәрбиелеу. Шараны «Әлеуметтік-қоғамдық пәндер» ЦӘБ төрайымы Г.С.Елтезерова ашып, қорытындылады. Оқытушы Балапашев Б.С. баяндама жасап, колледждің «LD» Дебат клубы жетекшісі Саматай Әлішер, белсенді студент Талғатқызы Гулханым, Студенттік кеңес президенті Утешова Аружан өз ойларымен бөлісті. Шараға шақырылған Желтоқсан оқиғасының куәгері, колледж оқытушысы Есетова М.К. мен «Еріктілер» тобы жетекшісі Медиев Н жалынды сөздерімен студент-жастарды туған жерге деген сүйіспеншілікті арттыруға, құрметтеуге шақырды.
- 27 Қаң
- 2022