«Экономикалық пәндер» ЦӘБ-нің оқытушылары М. Бахитжанова мен Г. Бермағанбет 201 ИС, 205 ИС, 203 АС “Экономика – заман талабы” тақырыбында интелектуалдық сайысын өткізді.
Сайыстың мақсаты: студенттерге нарықтық экономиканың маңызын түсіндіру, экономикалық білімдерін жетілдіру, тексеру, шапшаңдыққа, тиянақтылыққа, унемшілдікке баулу. Сайыс барысында студенттердің интеллектуалдық деңгейлерін, экономикалық білімдерін тексеру, танымдық белсенділіктерін арттыру мақсатында АКТ мүмкіндіктері кеңінен қолданылып, түрлі деңгейдегі тапсырмалар шеберлікпен қолданылды. Сайыс ы әділ-қазыларының шешімі негізінде 205 ИС тобына I-ші дәрежелі диплом, 203АС және 201ИС топтарына II – ші дипломдар табысталды.