15 қазан күні “Ақтөбе Жоғары политехникалық колледжінің” студенттер жатақханасында, білім алушылардың арасындағы татулық пен келісімді орнықтыруға бағытталған мерекелік “Студенттік кеш” өтті. Кеш барысында білім алушылар өз өнерлерін ортаға салып, өздерін жан-жақты қырынан танытты. Аталмыш кешке колледж оқытушылары, тәрбиешілер қатысып, жатақхана тұрғындарына өздерінің ыстық лебіздерін білдірді. Сонымен қатар кеш соңында білім алушыларды ынталандыру мақсатында “Ең таза бөлме” тұрғындары марапатталды. Студенттер Жатақханасындағы тәрбиелік іс-шаралар белсенді түрде жалғасын таппақ!