ХОДЖАНИЯЗОВА ЖАНАТ ТОГАБАЙҚЫЗЫ
Ақтөбе Жоғары политехникалық колледжі директордың оқу- әдістемелік жұмысы жөніндегі орынбасары
Туған жылы мен туған жері: 10.07.1965 ж.
Білімі: жоғары
Мамандығы: -Қазақтың Еңбек Қызыл Ту орденді ауылшаруашылық институты, -А/ш пәндерінің инженері-мұғалімі, тіркеу № 10, 1989ж.,
-Алматы экономика және статистика академиясы, -050508 Есеп және аудит Бакалавры- тіркеу№ 2198, 2006 ж.
-Халықаралық Бизнес Университеті, Экономика ғылымдарының магистрі (6М050600 Экономика ғылыми және пед. бағыты) Тіркеу№ 10, 2012ж.
Ғылыми дәрежесі, ғылыми атағы: экономикалық ғылымдар магистрі
Нақты айрықша сіңірген еңбегі көрсетілген мінездеме:
Қазақстан Республикасының Білім және ғылым Министрлігінің ұйымдастыруымен өткен «Үздік педагог-2013» республикалық байқаудың жеңімпазы,.
ІІ Республикалық педагогикалық оқуларының «Экономиканың индустириалық-инновациялық дамуы жағдайында техникалық және кәсіби білім беру жүйесін жетілдіру» «Білім берудегі инновациялар мен тәжірибе: уақыт талабы» бағыты бойынша – ІІІ дәрежелі Дипломмен марапатталған.
«Еңбек нарығын қалыптастыру және еңбек ресурстарын басқару» атты оқулығы LAP Lambert (Германия) баспасынан шығарылып, халықаралық деңгейде таратылымға шыққан.
ҚР БжҒМ техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарында оқу процесінде қолданыуға ұсынған оқулықтарының авторы
1.«Нарықтық экономика негіздері» – 2 басылым, 2017 ж.
2.«Экономика негіздері» (3 басылым, 2018 ж.) атты шығарманы басып шығаруға және қайта басып шығаруға – авторлық мемлекеттік куәлігіне ие.
2020-2021 жж. аралығында келесі өзекті тақырыптар бойынша біліктілік арттыру курстарынан өтіп, республикалық, облыстық деңгейлердегі семинарларға, конференцияларға қатысып, колледжде осы бағыттардағы жұмыстарды жүзеге асыру бойынша жобаларды жүргізіп келеді:
- “Модульдік-құзыреттілік тәсіл негізінде әзірленген ТжКБ білім беру бағдарламаларын іске асыру”
- “Ecvet Еуропалық құжаттарын бейімдеу арқылы білім алушылардың көлденең және тік ұтқырлығын дамыту: оқыту туралы келісім; өзара түсіністік туралы меморандум; оқытудың жеке нәтижелері туралы анықтама”
- Оқу процесіне қашықтықтан оқытуды енгізу.
Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру және оқыту саласындағы заманауи педагогикалық идеяларды, бастамалар мен жобаларды тарату мақсатында “TALAP”-2019ж.ҰАҚ ұйымдастырған “оқыту және білім беру саласындағы инновациялық әдістемелік әзірлемелердің витринасы”жобасына қатысты.
“Техникалық және кәсіптік білім беру мазмұнын жаңғыру жағдайында дуалдық білім беру жүйесін ендіру” тақырыбындағы облыстық семинар-практикумға қатысып, “дуалды оқытуды колледжің оқу үдерісіне енгізу механізмі”тақырыбында баяндама жасады.