05.03.21 «Ақпараттық жүйелер бөлімінің» ұйымдастыруымен «Қыз әдебімен көрікті» атты іс шара өткізілді. Іс шара барысында студенттер ақын, жазушыларымыздың әйел образын суреттеген шығармаларымен танысты . Айта кетсек Қазақтың ең көне лиро-эпостық дастандары «Қыз Жібек» пен «Қозы көрпеш-Баян сұлу», Міржақып Дулатовтың «Бақытсыз Жамал», Бейімбет Майлинның «Шұғаның белгісі», Мұхтар Әуезовтің «Қорғансыздың күні», Сұлтанмахмұт Торайғыровтың «Қамар сұлу», Мағжан Жұмабаевтың «Шолпанның күнәсі» т.б. көптеген туындыларда әйел психологиясы мен оның нәзік болмысы суреттелген. Сонымен қатар студенттер қыз балаларға қатысты салт- дәстүр мен ырымдар туралы сұрақтарға белсене жауап беріп, қыз балалардың жағымсыз қасиеттеріне жарнамалық ойын өткізілді.
Мереке қарсанында «Ақпараттық жүйелер» бөлімі барша арулар қауымын көктемнің алғашқы мерекесі 8 — наурыз халықаралық әйелдер күнімен шын жүректен құттықтаймыз. Көктемнің гүліндей құлпырып, әсемдіктің, әдеміліктің, әдептіліктің иесі болып жүре беріңіздер. Дендеріңізге саулық, көңілдеріңізге шаттық, отбасыларыңызға құт-береке, ауызбірлік пен тыныштық тілейміз.
- 12 Нау
- 2021