Педагогикалық құрамЖобаларБөлімшелер

«Ақтөбе политехникалық колледжі» АҚ Студенттік жатақханасы туралы

Ережелері

  1. Жалпы ережелер
  1. Ақтөбе политехникалық колледжінің жатақханасы (әрі қарай – студенттік жатақхана) оқу мерзіміндегі басқа қалалық студенттерді орналастыру үшін арналған.

Жатақханада тұру үшін, өзіндік жумыстар мен демалыс үшін, сондай-ақ мәдени-ағарту және спорттық шараларды өткізу үшін қажетті жағдайлар қамтамасыз етілуге тиіс.

  1. Студенттік жатақхана орта кәсіптік білім беру оқу орнының құрылымдық бөлімшесі ретінде (әрі қарай – оқу орны) құрамына кіреді және бюджеттік қаражат есебінен, жатақхананы пайдалану ақысы және басқа бюджеттен тыс қаражаттардан, колледждің шаруашылық және кәсіпкерлік қызметінен түскен қаражаттар есебінен қамтылады.
  2. Жатақханада бөгде адамдарға тұруға, оқу орнының бөлімшелерінің орналасуына, және де басқа ұйымдар мен мекемелерге орналасуына рұқсат етілмеген.Барлықмұқтаж студенттер белгіленген ережеге сәйкес жатақхана орындарымен қамтылған кезде, оқшауланған бос ғимараттар немесе қабаттар әкімшіліктің және студенттер кәсіподағы немесе басқада студенттердің уәкілетті органының (әрі қарай – студенттер кәсіподағы)

 шешімімен муғалімдер және қызметкерлер үшін қайта жабдықталып немесе басқа ұйымдарға жалға берілуі мүмкін.

  1. Әрбір жатақханада құрылыс нормалары мен ережелерге сай өзіндік жұмыстар үшін бөлмелер, демалыс бөлмелері, оңашалайтын бөлмелер, тұрмыстық бөлмелер (ас үй, душ бөлмесі, жуынатын бөлме, дәретхана және т.б.) ұйымдастырылады.
  2. Тұрғындарға қызмет көрсететінтамақтандыру үшін үй-жайлар, емхана, денсаулық сақтау орны тегін беріледі, сонымен қатар жылыту, жарықтандыру, сумен жабдықтау мен күзет.
  3. Жатақхананың жұмысын жалпы басқаруға сондай-ақ материалдық базасын дамытуға және нығайтуға, жатақхана тұрғындарына тұрмыстық қызмет көрсетуін ұйымдастыру колледж директоріне немесе уәкілетті қызметкерге жүктеледі.
  4. 7. Жатақханада тұрғындары және колледж әкімшілігі екі жақты жауапкершілік туралы келісім шарт жасаса алады.

ІІ. Жатақхана тұрғындарының құқықтар мен міндеттері.

  1.  
  2. 8. Жатақхана тұрғындары:
  • ● ішкі тәртіп ережесін сақтау шартымен колледжде оқу мерзімі кезінде белгіленген тұрғын бөлмеде тұруға;
  • ● оқу және мәдени-тұрмыстық мақсаттағы үй-жайлар мен құрал жабдықтарды, жатақхана құрал-саймандарымен қолдануға;
  • ● өзара жауапкершілік туралы келісім шарт бойынша колледж әкімшілігіне ұсыныс енгізуге және оны орындалуына қол жеткізуге;
  • ● колледж әкімшілігінің келісімімен жатақхананың басқа бөлмесіне қоныстануға;
  • ● студенттік жатақхана кеңесін сайлау және оның құрамына сайлануға;
  • ● тұрғындардың тұрмыстық-баспаналық жағдайларын көтеру,тәрбие істері мен демалысты ұйымдастыру, жатын бөлмелер мен сабаққа дайындалатын бөлмелерді жабдықтау және безендіру, тұрғындардың әлеуметтік-тұрмыстық жағдайларын жақсартуға бағытталған қаражжатты бөлу мәселелерін жатақхананың кеңесімен бірлесіп шешуге құқылы.
  1. 9. Жатақхана тұрғындары:
  • ● жатақхананың ішкі тәртіп ережелерін, қауіпсіздік техникасын қатаң сақтауға;
  • ● жатақхананың құрал –жабдықтарына ұқыпты қарауға, су, электр жарығы мен жылуды үнемдеп қолдануға, бөлмелер мен көпшілік пайдалану орындарында тазалық сақтауға, тұрғын бөлмелерде күн сайын тазалық шараларын жасауға;
  • ●баспаналық төлем ақыны, төсек-жабдықтарды пайдаланғаны үшін, тұрғындардың қалауы бойынша ұсынылатын өзге де қызметтерге ақыны уақтылы төлеп тұруға;
  • ● өзара жауапкершілік туралы әкімшілікпен жасалған келісім шарт ержелерін орындауға;
  • ● ҚР қолданыстағы заңнамалары мен жасалған келісім шартқа сәйкес залал келтірген материалдық шығынды өтеуге міндетті.
  1. 10. жатақханада тұратын студенттер жатақхана кеңесімен оқу уақытынан тыс өз-өзіне қызмет көрсету, жатақхана аумағын абаттандыру және көгалдандыру, тұратын бөлмелеріне жөндеу жұмыстарын жүргізуге, бекітілген аумақта және жатақхана жайына жүйелі жинау жұмыстарын жүргізуге және еңбекті қорғау ережелерін сақтай отыра, жасалған келісім шартты ескере отыра басқада жұмыстарға ерікті түрде тартылады.
  2. 11. қолданыстағы заңнамаса сәйкес, ережені бұзғаны үшін жатақхана тұрғынына жатақхана әкімшілігінің ұсынысы немесе жатақхана кеңесінің шешімі бойынша қоғамдық, әкімшілік ықпал ету шаралары қолданылуы мүмкін.

Жатақханаға мас күйінде келуге, сонымен қатар есірткі заттарын қолдануға және сатуғақатаң тиым салынады.

III. Оқу орны жатақанасы әкімшілігінің міндеттері.

  1. 12. Жатақхананың шаруашылық қызметі мен қолданысқа берілуін, жатақханада тұрушылардың тұрмыстық қызметтерін ұйымдастыруды дамыту және нығайту мәселелерімен директордың ұйымдастырушылық және шаруашылық істер жөніндегі орынбасары айналысады.
  2. 13. Жатақхана әкімшілігі міндетті:
  • жатақхана бөлмелерін белгіленген санитарлық талаптар мен ережелерге сай ұстауға;
  • жатақхана тұрғындарымен өзара жауапкершілік туралы келісімге отыру және орындау;
  • жатақхананы қажетті жиһаздар, қондырғылар және басқа да мүліктермен жабдықтауға;
  • жатақхана мен ондағы құрал-жабдықтарға жөндеу жұмыстарын уақытылы жасап тұру, бекітілген аумақты және айналасындағы көгалдарды таза ұстауға;
  • жатақхана тұрғындарына арналған коммуналдық-тұрмыстық қызметтердің, өз бетімен сабаққа дайындалатын бөлмелердің, мәдени іс-шаралардың белгілі бір тәртіппен жүргізілуін ретке келтіріп, сондай-ақ  оның орындалуын бақылауға;
  • ауруға жедел медициналық көмек көрсету, қажет болса ауруханаға жатқызу шараларын қабылдауға;
  • жатақхана штатына бекітілген тәртіп бойынша қызмет көрсететін қызметкерлермен толықтыруға;
  • тұрғындар үшін өзіне қызмет көрсету, еңбек, тұрмыс пен демалыс  шарттарын жақсарту мәселелерінде  өзін-өзі  басқаруды дамыту үшін жатақхананың кеңесіне көмек беруге;
  • жатақханада баспаналық-тұрмыстық жағдайларды жақсартуға байланысты іс-шараларды жүзеге асыруға, сонымен қатар жатақхананы ұстау жөніндегі ескертулерге құлақ асуға, тұрғындардың баспаналық-тұрмыстық жағдайларды жақсарту туралы ұсыныстарын ескеруге;
  • көпшілік пайдалану орындарының қажетті деңгейде болуын қамтамасыз ету;
  • жатақхананы, сонымен қатар ондағы санитарлық-техникалық және өзге де қондырғыларды қысқы жылыту мерзіміне алдын-ала дайындау.
  • Тұрғындарды өз еркімен жатақана бөлмелерін және айналасын жинауы үшін керекті құралдармен қамтамасыз етуге;
  1. 14. Оқу орнының әкімшілігі студенттер одағының және кәсіподақ ұйымының мүшесінің келісімі бойынша жатақхана басшысын (комендант) сайлайды.
  2. 15. Жатақхана басшысы (комендант) қамтамасыз етуге міндетті:
  • жатақхана қызметкерлерінің жұмыстарына тікелей басшылық ету;
  • жатақханаға оқу орнымен берілген ордер (№1 қосымша) негізінде және денсаулығы туралы анықтама бойынша орналастыру;
  • жатақхана тұрғындарына типтік нормаларға сай  жиһаздар және құрал жабдықтармен  жабдықтауға, санитарлық ережелерге сай төсек-орындармен қамтамасыз етуге;
  • ● жатақхананы күту және баспана тұрмысын жақсарту негізіндегі ұсынымдар бойынша ескертулер есебі.
  • ● жатақхана жағдайы туралы оқу орнының әкімшілігіне хабарлау
  • ● жатақхананы күзету, қалыпты жылу режимі және барлық бөлмелерге қажетті жарықтандырылуы.
  • ● жатақханың және оның аумағының тазалығын мен тәртібін сақтау, жатақхананың ішкі тәртіп ережелері туралы және қауіпсіздік ережелерін сақтау туралы шаралар қолдану және нұсқамалар жүргізу, жатақхананы және оған тиіселі аумағын толық тазалау жұмыстарын жүргізу.

     Жатақхана жетекшісі (комендант) құқығы бар:

  • ● жатақхананың тұрмысын жақсарту жөнінде оқу орнының әкімшілігіне ұсыныстар енгізу
  • ● жатақхана тұрғындарына студенттік кеңеспен бірлесе отырып алғыс білдіру немесе жазаға тарту туралы оқу орнының әкімшілігіне талқылауға енгізу
  • ● тұрғындардың сұрауы бойынша бір бөлмеден екінші бөлмеге ауыстыру туралы шешім қабылдау
  • ● қызмет көрсетуші қызметкерлеріне алғыс білдіру немесе жазаға тарту туралы ұсыныс енгізу
  1. 16. Жатақхана жетекшісі студенттер кеңесімен бірлесе отырып белгілінген тәртіппен тұрғындар мен қызмет көрсетуші қызметкерлер арасындағы қайшылықтарды қарастырады.

                  

  1. IV. Студенттік жатақханада орналастырылу, жатақханадан шығарылу, қызметтер үшін төлем

 

17.Студенттер, оқу орнының жатақханасы туралы ережеге сәйкес құрылған санитарлық нормалар шегiнде орналастырылады.

Конкурстық комиссия жатақханада орын бөлуді Қазақстан Республикасы  Білім және ғылым Министрінің 2016 жылғы 22 қаңтардағы  № 66 бұйрығы сәйкес белгіленген нысан бойынша білім алушының жазбаша өтініші негізінде оның мәртебесін растайтын тиісті құжаттарды қоса беру арқылы немесе «электронды үкіметтің» – www.e.gov.kz веб-порталында  электронды түрде берілген өтініші негізінде жүзеге асырылады. 
      Ереже бойынша, тұрғын бөлме тұрғыншының артынан оқу орындағы барлық оқу кезеңі үшін бекітіледі.

Апат негізінде тұруға мүмкіндік болмаған жағдайда, тұрғындарды баска жатакханаға көшіру әкімшілік пен студенттер кәсіподағының шешімінің негізінде жүзеге асады, ал бір бөлмеден екінші бөлмеге әкімшілік пен жатақхананың студенттерінің кеңесі негізінде.

  1. 18. Студенттік жатақханада тіркеу режимін ұйымдастыру үшін оқу орынның әкімшілігімен арнайы тағайындалған тұлға жүзеге асырады.
  2. 19. Қабылдау емтихандары кезеңінде, емтихандық сессия кезеңінде және де дипломдық проектті қорғау кезеңінде талапкерлер жатақханада орнатылған төлеммен Қазақстан Респубикасының заңнамасына сәйкес жайғасуы мүмкін. Қабылдау емтиханында қанағаттанарсыз баға алған талапкерлер емтихан нәтижелерін хабарланған күннен бастап үш күнге дейін жатақханадағы орнындарын босатады, ал апелляцияға бергендер – үш күн ішінде апелляциялық комиссиямен бағаның дұрыстығын растағаннан кейін; оқу орынға конкурстен өте алмаған талапкерлер оқуға түсу туралы буйрығы шыққаннан кеін үш күн ішінде.
  3. 20. Оқу орыннан шығарылған кезде (оның ішінде оқып бітіргендер) тұрғындар жатақхананы өзара жауапкершілік келісімнде көрсетілген уақытта босатады.
  4. 21. Жатақхананы пайдаланғаны үшін студенттен төлемақы барлық тұрған уақыт пен кезеңі үшін ұсталынады және каникул кезеңі де үшін.
  1. V. Студенттік жатақхананың қоғамдық басқару органы

 

  1. 22. Жатақханада студенттер, студенттер мүддесін білдіретін өзін-өзі басқаратын орган – жатақхана студенттерінің кеңесін (студенттер кеңесі) сайлайды. Стуженттер кеңесінің тұрғындар ұжымы және колледж әкімшілігі арасында келісім –шарт жасауына құқығы бар.Студенттер кеңесі бөлме старосталарының қызметтерін үйлестіріп, жатақхананы күту жұмыстарын ұйымдастырады, тұрғындарды өз еркімен жатақханада және оған тиесілі аумағында қоғамдық-пайдалы жумыстар жүргізуге шақырады, әкімшілікке әрбір тұрғынға бекітілген материалдық құндылықтардың сақталуына көмектеседі, мәдени-көпшілік жұмыстарды ұйымдастырады. Студенттер кеңесі озінің жұмысында студенттік жатақханасы туралы ережелерді басшылықа алады.
  2. 23. Студенттік кеңеспен міндетті түрде келесі сұрақтар келісу керек:
  • ● тұрғындардың әкімшіліктің ынтасымен өзара жатақхананың ішінде көшуі.
  • ● тұрғындарға алғыс білдіру және оларға тәртіптік шараларды қолдану.

Студенттік өзін-өзі басқару органын оқу орынның әкімшілігі марапаттау үшін шара қабылдайды.

Ескертпе: Егер жатақханада студенттік кеңес болмаған жағдайда, оның құқықтары мен міндеттері басқа уәкілетті органға өтеді.

  1. 24. Жатақхананың әрбір қабатында староста сайланады. Тиесілі қабаттың старостасы осы қабаттың тұрғындарының мүлікке мұқият қарауына және қабатты таза және ұқыпты ұстауын қадағалайды. Староста өз жұмысында студенттік жатақхананың қаулысын негізге алады.

        

      Конкурстық комиссия отырысында қаралды және қабылданды.

Ақтөбе Жоғары политехникалық колледжіне жатақхананың қажеттілігі бойынша

                                                                   АНЫҚТАМА

 

Жатақхананың орналасқан жері

Жатақханадағы орындар саны

Жатақхананың пайдалануға енгізілу күні

Ғимараттың жалпы аумағы

Қабат саны

Жатақхананың түрі

Жатақхананың жалдау ақысының құны, теңгеде

Ақтөбе қалас, Гришина көшесі 1

110

2016 жылы

984,6 м.кв.

5 қабатты

Дәлізді

5000 тг.

 

Жатақхана – жанға жайлы тәтті үйің