Педагогикалық құрамЖобаларБөлімшелер
unnamed (1)

Ұлан ғайыр қазыналарымызды қалпынша қолданып, қорғау,
ұлттық бірегейлікті сақтау, білімнің салтанат құруы.
Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың
«Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы
ел дамуының жарқын үлгісі мен нақты қадамдарын көрсететін келелі ой,
салиқалы пікір, батыл шешімдерге құрылған маңызды құжат.

“Тәрбие және білім” бөлімінің мақсаты – Қазақстандық патриотизм рухында жаң-жақты дамыған жеке тұлғаларды тәрбиелеу.
“Тәрбие және білім” бөлімі аясында нақты мақсатқа жету үшін келесі Базалық жобалар ұйымдастырылады:  

“Өлкетану”;

“Отаным – тағдырым”;

“Саналы Азамат”.

Білімді, көзі ашық, көкірегі ояу болуға ұмтылу – біздің қанымызда бар қасиет. Елімізде өте жоғары деңгей­дегі бірқатар университеттер ашылды, зият­керлік мектептер жүйесі қалыптасты. Басқа да көптеген іс тындырылды. Біз бүгінгі жаңа атаулы ертең-ақ ескіге айналатын, жүрісі жылдам дәуірге аяқ бастық. Бұл жағ­дайда кәсібін неғұрлым қиналмай, жеңіл өзгер­туге қабілетті, аса білімдар адамдар ғана табысқа жетеді.