17 мамыр күні орталық мамандары психолог Ақжол Қасенов және теолог Медет Ысқақов Ақтөбе политехникалық колледжі студенттерімен жалпы кездесу өткізіп, ақпараттық түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
Мамандарымыз «Келісім бар жерде келешек бар» тақырыбында дәріс оқыды.
Сондай-ақ, интернет пен әлеуметтік желілерде жат ағым идеологиясының таралу қаупі мен оның салдары турасында ескертіп, кез келген ресурстың мәліметін сүзгіден өткізіп, ресми мамандардан кеңес алуға шақырды.
https://www.instagram.com/reel/C8_Um7IobOr/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==