«Еуразиялық топтың» қызметкерлері онлайн-байланыстың арқасында студенттермен кездесті.
Іс-шарада студенттер алдында өндіріс шеберлері, кәсіпорындардың HR-қызметтерінің өкілдері, жастар кеңесінің белсенділері сөз сөйледі. Студенттерге компания және топ кәсіпорындарымен танысуға және кәсіби бағдарлауға бағытталған “ERG-мен Болашақ” жобасы туралы айтылды.
Ал өндіріс көшбасшылары мен ERG жас мамандары компанияда мансаптық өсу мүмкіндіктерін жеке мысалдармен көрсетті. Сонымен қатар, студенттер кәсіпорындарда сұранысқа ие мамандықтар бойынша ақпарат алды