2020 жылдың 12 қарашасында оқу-әдістемелік кабинеті циклдік әдістемелік комиссия төрайымдары және төрағаларымен «2020-2021 оқу жылына арналған оқытушылар мен ЦӘБ рейтингін жүргізу Ережесі» тақырыбында семинар-кеңес өткізді.
Семинар-кеңестің мақсаты: оқытушылар және циклдік-әдістемелік бірлестіктер арасында жүргізілетін рейтингтің м бағалау өлшемдерін талқылау және түсіндіру.
Семинар-кеңеске директордың ОІЖ орынбасары Г.Жумагазина, ОӘЖЖ орынбасары Ж. Ходжаниязова және бөлім меңгерушілері де қатысты.
Оқу-әдістемелік кабинет