26.12.2019 жылы Алманиязова Айнагул Сериковна физика пәнінен АКТ (Quizlet программасымен) қолдану арқылы 101 Б тобында ашық сабақ өткізді.
Сабақ тақырыбы: “Электр заряд. Электр зарядының сақталу заңы. Кулон Заңы”. Сабақ CLIL технологиясы және АКТ қолдану арқылы өткізілді. Сабақтың мақсаты: студенттердің электр зарядының түсінігін қалыптастыру . Сабақтың міндеттері: Оқыту-алған білімдерін өткен тақырыптармен ұштастыра отырып практикада бекіту, ойын элементтерін пайдалана отырып, студенттердің білімін тексеру; Дамытушы-логикалық ойлауды, еріктілікті, ғылыми дүниетанымды, қабілеттер мен белсенділікті, танымдық қызығушылықты дамыту. Тәрбие-ақпараттық мәдениетке, ұқыптылыққа және ұжымдастыққа, этика ережелеріне ықпал ететін дамыған шығармашылық қабілеті бар студентті тәрбиелеу. Оқушылардың жұмыс жүйесі: Оқушылар сабақтың әр кезеңінде өте белсенді және ұйымшыл болды, мұғалімге мейірімді болды, білімді шығармашылық қолдану, өз бетінше қорытынды жасау дағдылары мен іскерліктерін көрсетті. Сабақтың жалпы нәтижелері: Сабақтың жоспары толық орындалды, жалпы білім беру, дамыту мақсатын тәрбиелейтін іске асырылды. Үй тапсырмасы тақтада тіркелген. Менің ойымша: сабақ эмоциялық болды, екпін мен ырғақты оңтайлы болды, оқушылармен қарым-қатынас жасады, тілектестік атмосферасы үстем болды,әр оқушы белсенді қатысты, өйткені оқушылар телефондарды қолдандынып, ішінде Quizlet программасына кіріп, тесттерге және сұрақтарға жауап берді.