19.12.2019 жылы 1302000 «Автоматтандыру және басқару» мамандығының 304 АС
тобына өндірістік тәжірибесі бойынша қорытынды конференциясы өтті.
Қорытынды конференцияға
колледждің бас директорының ОӨІЖ орынбасары Кыдырбаев Т.У., ОӨІЖ әдіскері Каналин К.С., «Автоматтандыру
және басқару» бөлімінің ЦӘБ төрағасы Шаңбаев Д.Т, топ жетекшісі Сейлова Н.Х.
және арнайы пән оқытушылары Мұханбетова Р. Мен Мұхамбетжанова М. қатысты.
Конференцияда студенттер
тәжірибе бойынша есептерін қорғады. Тәжірибе өткен орындарын таныстырды, мекемедегі тәжірибе жетекшілерімен
бірігіп орындалған жұмыстарын жөнінде айтты. Соңында өндірістік тәжірибе
кезінде үйренген жұмыстарын айтып, қорытынды жасалды.