2019 жылдың 10 желтоқсан күні Ақтөбе Жоғары политехникалық колледжінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Ақтөбе облысы бойынша департаментінің 06.12.2019 жылғы хаты негізінде 9 желтоқсан Халықаралық сыбайлас жемқорлыққа қарсы күніне қарсаңында жастарды парасаттылыққа әділдікке шақыруға бағытталған іс-шара өткізілді. Іс-шараға “Өрлеу”біліктілік арттыру институтының кафедра аға оқытушысы”Нұр Отан” партиясы АҚФ “Құрмет”БПҰ мүшесі Абдулхайырова Гульнар Едилбаевна және “Құрмет”БПҰ Бюро мүшесі Джукетаева Ақгүл Райымбекқызы,колледжіміздің “Физика”пәнінің оқытушысы Алманиязова Айнагүл Серікқызы қатысып студенттермен өз ой пікірлерін бөлісті.