Ағымдағы жылдың 30 қазанында Астана қаласында «AMANAT» партиясының ұйымдастыруымен «Мұғалім Talks» кейс-платформасы өтті. Ол жерде Қазақстанның барлық өңіріндегі 300-ден астам мектеп мұғалімі, колледждер мен Жоғарғы оқу орындарының оқытушылары, студенттер, ғалымдар, білім беру саласының ардагерлері мен сарапшылар қауымы бас қосты. Осы жиында “Автоматтандыру және басқару” бөлімінің меңгерушісі Дархан Түгелбайұлы спикер болып, кәсіптік және техникалық білім беру саласының өзекті мәселелерін талқылап, оны шешу жолдарын ұсынып, өзара тәжірибе алмасты. Кездесу соңында үздік ұстазымыз «Ұстаз – ұлт айнасы» атты арнайы төсбелгімен марапатталды.
- 01 Қар
- 2024