Қарттар үйі — жәй ғана мекен емес,мейірімділік пен қамқорлыққа толы орта,қайғы мен қуанышты бөлісетін шаңырақ.
Ағымдағы жылдың 29 қазан күні Ақтөбе Жоғары политехникалық колледжінің студенттік өзін-өзі басқару ұйымы қарттар үйіне барып қайырымдылық концертін өткізді. «Қариямен жолдас болсаң, дана боларсың.» дегендей,қарияларымыз студенттерге алғыстарын білдіріп,ақ батасын берді.
Қарттарымызды тек мереке күндері ғана ұлықтамай, әр кез ескеріп, есімізден шығармайық.