Отбасы құндылықтары әр қоғамның мәдениеті мен дәстүрлеріне байланысты ерекшеленеді, бірақ олардың негізінде жалпыадамзаттық принциптер жатады. Бұл құндылықтарға мейірімділік, өзара қолдау, сенім, жауапкершілік, құрмет, сыйластық және махаббат жатады.
Қазақ қоғамында отбасы құндылықтары ерекше орын алады. Ұлттық дәстүрлерде үлкендерді құрметтеу, балаға дұрыс тәрбие беру, бауырмалдық, қонақжайлық сияқты қасиеттер отбасы мүшелерінің өмір сүру салтына терең сіңірілген. Отбасы ұйытқысы ретінде ата-ананың рөлі маңызды, олар балаларына дұрыс жол көрсетіп, өмірлік құндылықтарды үйретеді.#отбасықұндылықтары #біртұтас_тәрбие
•Жастар ісі жөніндегі комитет