Педагогикалық құрамЖобаларБөлімшелер

Жаңа оқу жылында Ақтөбе жоғары политехникалық колледжінде Кәсіби практика тақырыбында студенттерге семинар өткізу

2024-2025 жаңа оқу жылының алғашқы күнінде Оқу-өндірістік бөлім тарапынан «Бағдарламалық қамтамасыз ету (түрлері бойынша)», «Мұнай және газ кен орындарын пайдалану», «Мұнай мен газды қайта өңдеу технологиясы», «Автомобиль көлігіне техникалық қызмет көрсету, жөндеу және пайдалану», «Технологиялық процесстерді автоматтандыру және басқару (бейін бойынша)», «Электромеханикалық жабдықтарға техникалық қызмет көрсету, жөндеу және пайдалану (түрлері және салалары бойынша)», «Электрмен қамтамасыз ету (салалар бойынша)» мамандықтарының 4 курс 401 ПО, 402 ПО, 403 ПО, 404 ПО,406 ПО, 401 ПГ, 403 ПГ, 401 РМ, 403 РМ, 401 АТ, 401 АС, 402 АС, 403 АС, 405 АС,407 АС, 401 ЭТ, 401 ЭЛ топ студенттеріне тәжірибеге кету алдында бекіту конференциясы өткізілді.
Бекіту конференциясында:
1.Студенттерге практика өту мерзімі, базалары және жетекшілері хабарланды;
2. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 29 қаңтардағы № 107 бұйрығындағы кәсіптік практиканы ұйымдастыру мен өткізу қағидалары және практика базалары ретінде кәсіпорындарды (ұйымдарды) айқындау қағидаларын негізге ала отырып студенттерге жолдама бланкілері таратып, күнделік- есепті толтыру туралы анықтама берілді;
3. Өндіріс базасындағы қауіпсіз еңбек жағдайлары, техника қауіпсіздігі туралы нұсқау өткізіліп, нұсқаумен танысқандығы туралы студенттер журналға қол қойды.
Өндірістік бөлім.