Педагогикалық құрамЖобаларБөлімшелер

Отбасылық құндылықтар мен бірлік: Менің отбасым Отанға деген сүйіспеншіліктің негізі ретінде

«Отбасы шағын мемлекет» демекші, өз отбасымды әрине айрандай ұйыған, тату-тәтті бірлікте өмір сүріп жатқан қарапайым  қазақ  отбасылардың біріміз. Менің отбасым 7 адамнан тұрады.Әкем,анам,екі әпкем және екі інім бар.Мен отбасымыздың ортаншы қызымын.
Мен әкемді, анамды, бауырларымды жақсы көремін. Әкем отбасымыздың тірегі, әкем жеке кәсіпкер ретінде жұмыс істейді.
Ол біздің қалағанымызды алып беруге, бізге жақсы тәрбие беруге тырысады, бәрімізге қамқор. Анам отбасымыздың берекесі. Ол бізді еркелетеді, дәмді ас дайындайды, үй шаруасында бала тәрбиесімен айналысады. әкемді құрметтейді.
Отбасында адам бойындағы барлық жақсы қасиеттер  қалыптасады. Отанға деген ыстық сезім  жақындарына, туған-туысқандарына деген сүйіспеншіліктен басталады. Сол себепті де біз отбасын Отанның кішкентай бір бөлшегі деп санаймыз.

Ақпараттық жүйелер бөлімінің 401 ПО студенті Утегенова Сая.
#отбасықұндылықтары #семейныеценности
@aqtobe_bilim_basqarmasy